Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 11 мамырында өткен Ақмола облысы Жарқайың ауданының Гастелло ауылының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылдың 11 мамырында өткен Ақмола облысы

Жарқайың ауданының Гастелло ауылының әкімін

сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

 

 

         2025 жылғы 11 мамырда Гастелло сайлау округі бойынша Жарқайың ауданының Гастелло ауылының әкімін сайлау өтті.

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Гастелло ауылының әкімі сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:

 

Гастелло сайлау округі

Гастелло ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 448 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 357. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 5, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 22.

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

         А.О.Абилге – 24; Г.Н.Имішеваға– 28; А.Т.Сайдалинаға – 278.

         Гастелло ауылының әкімі болып Сайдалина Айгүл Темірханқызы сайланды, 1980 жылы туған, Державин қаласының тұрғыны, «Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған.

 

                  

         Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
12 мая 2025