Ақмола облысы Жарқайың ауданының 2025 жылдың 11 мамырына тағайындалған сайлауға Гастелло ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы хабарлама

2025 жылғы 20 сәуірде Жарқайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Х.Рамазанова Жарқайың ауданы Гастелло ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.

                Ол 2025 жылғы 21-сәуірінде сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Жарқайың ауданының сайлау комиссиясы Жарқайың ауданы Гастелло ауылының әкіміне ұсынылған 3 кандидаттан 3 адамды тіркегенін хабарлады.

Гастелло ауылының әкіміне кандидаттар:

  1. Абил Арман Орманбекұлы – 07.01.1987 ж/т, жұмыс орны – «Отрадный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, мекенжайы – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Отрадный ауылы, өзін-өзі ұсыну ретімен.
  2. Имішева Гүлнара Нұрымжанқызы – 16.07.1973 ж/т, жұмыс орны – «Пригород ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маман, мекенжайы – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Пригород ауылы, өзін-өзі ұсыну ретімен.
  3. Сайдалина Айгүл Темірханқызы – 12.11.1980 ж/т, Жарқайың ауданының «Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ, бас маман; мекенжайы – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державин қаласы, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған.

Жарқайың ауданы Гастелло ауылының әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

2025 жылдың 20 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 10 мамырында  жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.

Жарқайың аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
21 апреля 2025