ПРЕСС-РЕЛИЗ Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы жобасына

«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының шешімінің жобасын әзірледі (бұдан әрі – шешім жобасы).

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Шешім жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес әзірленді.

Осылайша, шешім жобасын қабылдау мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау үшін қажет.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.

Шешім жобасы 2025 жылғы 05 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Жарқайың ауданының әкімдігінің сайтында орналастырылды. Осыған байланысты аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.

Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/documents/details/808089https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/documents/details/808096   

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/documents/details/808098

 

 

Дата публикации
06 марта 2025