1-тарау. Жалпы ережелер
- Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.
- Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі
- Әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етпестен көрсетіледі.
- Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
3-тарау. Әлеуметтік қолдау қөрсету мөлшері
- Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.