2024 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Жарқайың ауданы «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметінің жобасы

 

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

«Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік мекемесі екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

"Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары : біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы –оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, екінші санаттағы біліктілік деңгейінің әдіскері, екінші санаттағы біліктіліктің жоғары деңгейінің әдіскері, екінші санаттағы біліктіліктің орта деңгейінің әдіскері, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі";

"Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және пайдалану".

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген регламенттерді басшылық етеді.

Бөлімде қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенд бар.

Бөлімнің барлық мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.

 Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) турашылдық;

4) туралық;

 

Дата публикации
26 февраля 2025