ЕСЕП мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы Жарқайың ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2024 жыл

Жарқайың ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсетуі Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

- шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз көрсетілетін қызметті алушыларға тең қол жеткізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;

- мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

- Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Жарқайың ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 4 (төрт) түрін көрсетеді:

- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру»;

- «Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі»;

- «Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығын басқа тұлғаға беру, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату. Сондай-ақ тракторлар мен олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін, ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру»;

- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»;

Барлық төрт Мемлекеттік қызмет 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1) тармақшасы негізінде тегін көрсетіледі.

Жарқайың ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген Қағидаларды басшылыққа алады.

2024 жылы Жарқайың ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Мемлекеттік қызметтің 4 түрі бойынша 406 қызмет көрсетті оның ішінде:

- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру» - 103 қызмет;

- «Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі» - 169 қызмет;

- «Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығын басқа тұлғаға беру, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату. Сондай-ақ тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін, ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру» - 83 қызметтер;

- «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» - 51қызмет;

          Жоғарыда келтірілгендердің негізінде «Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару» неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызмет болып табылады тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгіні беру» 2024 жылы 169 қызмет көрсетілді.

Жарқайың ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ–де көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Жарқайың ауданының интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бекітілуіне қарай ақпарат кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Сондай-ақ, ақпарат қоғамдық орындарда ақпараттық стендтерде орналастырылады.

Жарқайың ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ кабинеттерінде: Державинск қ., Мира к-сі, 78, келушілерге мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стендтер бар, бұл ақпаратты 8 (71648) 9 1459, 92387 телефондары арқылы алуға болады.

 

 

Дата публикации
26 февраля 2025