Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы Жарқайың ауданының жер қатынастары бөлімі 2024 жылға Есебі

Жарқайың ауданының "жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсетуі Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

- шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз көрсетілетін қызметті алушыларға тең қол жеткізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;

- мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

- Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Жарқайың ауданының "жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 12 (он екі) түрін көрсетеді:

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (бірінші кезең);

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (екінші кезең);

 - "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту";

- "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";

 - "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру";

- "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру";

- "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру (бірінші кезең);

- "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру (екінші кезең);

- "Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау";

- "Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру";

- "Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату";

- "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу (бірінші кезең);

- "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу (екінші кезең);

- "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту";

- "Жер учаскесін алуға кезекке қою";

олар электронды және қағаз түрінде болады.

Барлық он екі мемлекеттік қызмет 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1) тармақшасы негізінде тегін көрсетіледі. Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген қағидаларды басшылыққа алады.

2024 жылы Жарқайың ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ Мемлекеттік қызметтің 12 түрі бойынша 133 қызмет көрсетті оның ішінде:

- "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" - 133 қызмет;

- "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" - 8 қызмет;

- "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру" - 5 қызмет;

- "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" - 3 қызмет;

- "Жер учаскелеріне құқықтар алу Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншік (конкурстар, аукциондар) " - 53 қызмет;

- "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" - 22 қызмет;

Жоғарыда айтылғандардың негізінде "жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет болып табылады, 2024 жылы 133 қызмет көрсетілді.

Көрсетілетін қызметті берушінің стендінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Жарқайың ауданының интернет–ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары бекітілуіне қарай бұл бөлім кезең-кезеңімен жаңартылып отырады.

Жарқайыңауданыәкімдігініңсайтында2013жылғы15сәуірдегі«Мемлекеттікқызметтертуралы»ҚРЗаңының15-бабынасәйкесқұқықтары,бостандықтарымензаңдымүдделеріқозғалатынжекежәнезаңдытұлғалардыңескертулеріменұсыныстарынесепке алу мақсатындаМемлекеттікқызметтеркөрсетусаласындағықызметтуралыесептердіңжобаларынжарияталқылаужүргізілді.Мемлекеттік көрсетілетін қызметесебініңжобасынжарияталқылауоныжарияталқылауүшінорналастырғанкүнненбастапкүнтізбелікотыз күн ішіндежүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 февраля 2025