2024 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Шойындыкөл ауылы әкімінің қызметінің есебі

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

            Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

-   мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

-   мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

-   мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

-   мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

 «Шойындыкөл ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін біржола немесе бөліп төлеу  үшін жекеменшікке сату», "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту".   Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі  Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88- V Заңын және бекітілген ережелер мен регламенттерді басшылық етеді.

2024 жылы мемлекеттік қызметтердің 6 түрінен 3 қызмет көрсетілді, оның ішінде: 1 қызмет –  (1 кезең) - "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, 2 қызмет –  (2 кезең) - "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, "электрондық үкіметтің "Веб-порталы арқылы көрсетілген.

2024 жылы мемлекеттік қызмет алған адамдардың саны -3.

EGOV бұрышы арқылы - 82 қызмет көрсетілді.

Шойындыкөл ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат жалпыға қолжетімді орында орналастырылған, сондай-ақ электрондық үкімет арқылы қызмет алу мүмкіндігі туралы ақпарат орналастырылған стенд бар, әкімдік ғимаратының және мектептің жанында EGOV mobile мобильдік қосымшасы бойынша баннер орнатылған.

2024 жылға Шойындыкөл ауылы әкімінің аппартымен мемлекеттік қызметті көрсету процессінің қол жетімділігін қамтасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Ауылы әкімінің сайтында келесі ақпараттар жарияланды:

- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер

  - мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік органның 2023 жылға арналған қызметі туралы жылдық есеп;

- 2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері;

- мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда жарияланады.

           Шойындыкөл ауылы әкімі аппаратының барлық мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну ппроцессін нормативтік-құқықтық жетілдіру қызметті тұтынушылармен мемлекеттік қызмет стандарттарын ашық талқылау  ретімен жүзеге асырылады. Ашық талқылау қорытындылары мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін жетілдіру үшін қолданылады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан шағым түскен жоқ.

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) турашылдық;

4) туралық;

Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділі мен жетілдіру үшін мемлекеттік қызмет ережелерін жобасын ашық талқылау негізінде мемлекеттік қызметті көрсету процессін жеңілдетуге, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің қысқартылуына, қызметті тұтынушылармен ұсынылатын құжаттар тізімінің қысқартылуына бағытталған шаралар, сонымен қатар процесстер қолдану.

Сәйкес келетін шаралар қолдану, соның ішінде мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы.

Қызмет қолданушылардың мемлекеттік қызмет көрсету түбіртектерін толыру негізінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылу мониторингін тоқсан сайын жүргізіп отыру, аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету барысында бюрократизм мен түсініспеушіліктерді болдурмау, мемлекеттік қызмет көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 февраля 2025