Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.
«Жарқайың ауданы Тассуат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі алты мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-0, «Сауда-саттықты ( конкурстарды, аукциондарды ) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскілеріне құқықтарды алу»-0, «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін ауыл жерінен жер беру»-0, «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»-0, "Жер учаскесін алуға кезекке қою"-0, "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту"-0.
Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер электрондық және қағаз формасында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын және бекітілген ережелерді басшылық етеді.
Тассуат ауылы әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар Е.gov ол арқылы 17 қызмет алынды: электродық цифрлық қолтаңбаны қашықтықтан алу-9, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама-5, наркологиялық проблемаларды динамикалық байқау (не динамикалық байқаудың болмауы) туралы мәліметтер-1, психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық байқау (не динамикалық байқаудың болмауы) туралы мәліметтер-1, туберкулезбен ауыратын науқастардың жай-күйі немесе диспансерлік есепте тұрмағаны туралы мәліметтер-1, салық берешегінің болуы не болмауы туралы мәліметтер-0, жеке зейнетақы шотындағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтер-0.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Тассуат ауылының аппаратында баршаға көрінетін жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
2024 жылға Тассуат ауылы әкімінің аппартымен мемлекеттік қызметті көрсету процессінің қол жетімділігін қамтасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Тассуат ауылының әкімі аппаратының барлық мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.
Мемлекеттік қызметті ұсыну ппроцессін нормативтік-құқықтық жетілдіру қызметті тұтынушылармен мемлекеттік қызмет есептерін ашық талқылау ретімен жүзеге асырылады. Ашық талқылау қорытындылары мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызмет ережелерін жетілдіру үшін қолданылады.
2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан шағым түскен жоқ.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) турашылдық;
4) туралық;
«Мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушыларының қанағаттандырылуы» мемқызмет критериінің көрсетілу сапасының бағасы қызметті тұтынатынушыларға көрсету түбіртектерінің толтырылуы негізінде іске асырылады.
Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін мемлекеттік қызмет есептері жобасын ашық талқылау негізінде мемлекеттік қызметті көрсету процессін жеңілдетуге, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің қысқартылуына, қызметті тұтынушылармен ұсынылатын құжаттар тізімінің қысқартылуына бағытталған шаралар, сонымен қатар процесстер қолдану.
Сәйкес келетін шаралар қолдану, соның ішінде мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы. Қызмет қолданушылардың мемлекеттік қызмет көрсету түбіртектерін толыру негізінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылу мониторингін тоқсан сайын жүргізіп отыру, аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету барысында бюрократизм мен түсініспеушіліктерді болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру.