2024 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Жарқайың ауданының Пятигор ауылы әкімі қызметінің есебі

      

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңызды аспектісі және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.

         Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- көрсетілетін қызметті алушының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе қандай да болмасын  өзге жағдайлары  бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізу;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында дұрыс және анық  есеп беруі;

-  мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

-  мемлекеттік қызметті көрсету  кезіндегі үнемділігі пен тиімділігі.

         Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік орган «Мемлекеттік  қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі             № 88-V Заңын және бекітілген қағидаларын  басшылыққа алады.

 «Жарқайың ауданының Пятигор ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  бес мемлекеттік қызметті көрсетеді:

  1. Жер учаскесін мақсатты бағыттауды өзгерту үшін шешім шығару.
  2. Елді мекен бөлігіндегі құрылыс объектісі үшін жер учаскесін беру.
  3. Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігінде бар жер учаскелеріне арналған  құқықтарды  сатып алу.

4 . Жер учаскесін жеке меншікке бір жолғы немесе  бөліп - бөліп сату

  1. Жер учаскесін алуға кезекке қою.

6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.            2024 жылы «е.gov» бұрыш арқылы 29 - қызмет көрсетілді. - соттылығы туралы  6- анықтама - психоневрологиялық ұйымнан - 6 анықтама - наркологиялық ұйымнан 5- анықтама – - «Фтизиатриядан» 3  - анықтама - өлімді мемлекеттік тіркеу туралы  2- хабарлама - заңды тұлғаға ЭЦҚ қашықтан шығару -5 - адам тұрғылықты жері бойынша тіркелген  - 1- клиникалық тәжірибеге қол жеткізуге  1 –маманға  сертификат берілді.            2024 жылы мемлекеттік қызмет алған тұлғалар саны 20 - адамды құрайды.            Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Пятигор ауылы әкімінің аппаратында ақпараттық стендте жалпыға қолжетімді жерде орналастырылған. Жергілікті «Целинное знамя» және «Жарқайдың тынысы» газеттерінде, Жарқайың ауданы Пятигор ауылы әкімінің web-порталында, әлеуметтік желілерде жарияланады. Келушілерге  «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпарат орналастырылды.             2024 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі  іс- шаралар  жоспарын орындау шеңберінде Instagram және Fasebook желілерінде жер  қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер ережелерін түсіндіру  бойынша  ақпарат орналастырылды. Барлығы 24 мақала жарияланды.             Пятигор ауылы  әкімі аппаратының барлық мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.             Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік - құқықтық жетілдіру көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету  қағидаларын жетілдіру үшін жұмыста жария талқылау қорытындылары ескеріледі.            2024 жылғы 3 қаңтардан  31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызмет тұтынушылардан  «Жарқайың ауданы Пятигор ауылы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.            Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсетуге бағытталған тиісті шаралар, оның ішінде ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылданды.          

 Аппаратта мемлекеттік қызметті көрсету сапасы жақсаруда, ауылда мемлекеттік қызметті көрсету барысында төрешілдік және бюрократизм көріністеріне жол жіберілмейді, мемлекеттік қызметті көрсету барысында тұрақты жасалады, мемлекеттік қызмет көрсету процесі үнемі жетілдірілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 февраля 2025