Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:
- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;
- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;
- мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.
«Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі алты мемлекеттік қызмет көрсетеді: : «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуіне шешім беру» -1, «Ауыл жерлерінен жер телімін беру (бірінші кезең)» - 0, «Ауыл жерлерінен жер телімін беру (екінші кезең)» - 0, «Сауда–саттықты (конкурстарды, аукционарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (бірінші кезең)» - 1, «Сауда–саттықты (конкурстарды, аукционарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (екінші кезең)» - 1, «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе мерзімді ұзартып сату» – 0, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 0, «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 0. Соған қатар, ауылдық округ әкімінің аппаратында өзі- өзіне қызмет көрсету Egov бұрышы бар. Ол ЭҮП арқылы 26 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Барлығы алты мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтің барлық алты түрі электронды және қағаз формасында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңын және бекітілген ережелерді басшылық етеді.
Костычево ауылдық округі әкімінің аппаратындағы ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері мен тәртібі, сондай-ақ келушілер үшін жалпыға қолжетімді жерде электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы роллап және ақпарат бар.