2024 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Жарқайың ауданы Державин қаласы әкімінің қызметі туралы

 

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

         Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

-   мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

-   мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

-   мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

                «Державин қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің келесі түрін көрсетеді: «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы  шешім беру», «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу», «Сауда жүргізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншікте тұрған жер учаскелеріне құқық сатып алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жалға беруді ұзарту мерзімін».

         Мемлекеттік қызметтер қағаз және электрондық үлгіде көрсетіледі.

         2024 жылы Державин қаласында 27  мемлекеттік қызмет көрсетілді:  «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы  шешім беру»- 8, «Сауда жүргізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншікте тұрған жер учаскелеріне құқық сатып алу» - 1 кезең - 0,  2 кезең – 8, «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» -0, «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу»-11 

Мемлекеттік  орган  арқылы  көрсетілді - 0, ЭҮП арқылы –27.       Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды -14

       2024 жылға Державин қаласы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметті көрсету процессінің қол жетімділігін қамтасыз етуге бағытталған құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

        «Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ-де келушілерге электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стенд бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі Жарқайың тынысы және «Целинное знамя» жергілікті газеттерінде жарияланады.

        Державин қаласы әкімі аппаратының барлық мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.

        Мемлекеттік қызметті ұсыну процессін нормативтік-құқықтық жетілдіру қызметті тұтынушылармен мемлекеттік қызмет ережелерін ашық талқылау  ретімен жүзеге асырылады. Ашық талқылау қорытындылары мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызмет ережелерін жетілдіру үшін қолданылады.

      2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан «Державин қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне шағым түскен жоқ.

Дата публикации
26 февраля 2025