Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Пригород ауылында су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жоспардан тыс оқу-жаттығулары өтеді. Оқу-жаттығу барысында арнайы техника жұмылдырылады. Баршаңызды сабырлық сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырамыз.
Назар аударыңыз, бұл оқу-жаттығулар нақты қауіпке байланысты емес, тек ықтимал су тасқыны жағдайында дайындық деңгейін тексеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Жалған ақпарат таратқандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!