Дипломмен ауылға!

Жарқайың ауданының  «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,  ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Аталған «Дипломмен ауылға!»  мемлекеттік қызмет Қазақстанда 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оны іске асыру барысында Жарқайың ауданының ауылдық жерлеріне Қазақстанның түрлі өңірлерінен мамандар жұмыс істеуге және тұруға келген тұруға  келе бастады.

«Дипломмен ауылға!»  жобасын іске асыруда диплом алған жас мамандар, сондай-ақ ауылға кемінде үш жыл жұмыс істеу және тұру үшін келген тәжірибесі бар мамандар қатыса алады.

Әлеуметтік қолдау шаралары:

1) 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомадағы көтерме жәрдемақы (2025 жылы 393 200; 1 АЕК = 3932 теңге)

 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – айлық есептік көрсеткіштің 2000 мөлшерінен аспайтын сомадағы бюджеттік кредит (2025 жылы 7 864 000 теңге), мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік кредит жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі бойынша 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі - жылжымайтын мүлік порталы  (2024 жылы Баспана Маркет - Отбасы Банкі).

2009 жылдан 2024 жылға дейін тұрғын үй сатып алуға  28 - маман несие алды (оның ішінде білім беру саласында – 24 маман, денсаулық сақтау саласында – 2 маман, мәдениет саласында – 1 маман, ветеринария саласында – 1 маман). Сондай – ақ 2009 жылдан 2024 жылға дейін 272 маман көтерме жәрдемақы алды (оның ішінде білім беру саласында – 228 маман, денсаулық сақтау саласында – 26 маман, мәдениет саласында – 8 маман, ветеринария саласында - 5 маман, мемлекеттік қызмет саласында-5).

2025 жылы жергілікті бюджетте  7 864,0 мың теңге сомасында 1 маманға тұрғын              үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит жоспарланған. Жергілікті бюджетте көтерме жәрдемақылар – 3 932,0 мың теңге, 10 маманға жоспарланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 февраля 2025