"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

 

 

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 15 қарашадағы
№ 427 бұйрыққа
қосымша

 "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 229-30) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адамдардың қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу тәртібін айқындайды.

 

  1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      5) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) электрондық өтініш – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      7) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

  1. "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жері бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын талаптар) көзделген құжаттармен қоса, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті:

       1) Мемлекеттік корпорация;

       2) көрсетілетін қызметті беруші;

      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы ұсынады.

       Үшінші тұлғалардың өтініші Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес сенімхат бойынша беріледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптарды осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.
  2. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері немесе көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация қызметкері құжат иесінің порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен берілген келісімі болған кезде цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

       Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар туралы мәліметтер осы Қағидарларға 4-қосымшаға сәйкес сұрау салу арқылы "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке құжаттар қоса беріледі.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
  2. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.
  3. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын беру кезінде:

      көрсетілетін қызметті берушіде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;

      порталда – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет алуға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартады және жоқ құжатты көрсетіп қолхат береді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының өзі жүзеге асырады.

      Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ-мен электрондық өтінішті куәландырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы талап етілетін құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) жүгінген адамның өтінішінен деректерді енгізеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы жүгінген кезде өтініштен алынған деректер автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі".

 

  1. Өтініш қабылдағаннан кейін және құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде тұрғын үйге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуға ниет білдірген адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін (бұдан әрі – акт) жасайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы мен қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж азамат бір елді мекен шегінде тұруы қажет.

      Мұқтаж азамат арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында (бұдан әрі – АӘҚКО) тұрған жағдайда, актіні жасау талап етілмейді.

 

  1. Көрсетілетін қызметті беруші актіні алғаннан кейін және қажетті құжаттар өңделгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау туралы бұйрық (бұдан әрі – бұйрық) шығарады.
  2. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 19 (он тоғыз) жұмыс күнін құрайды.

       Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орнын жібереді.

       Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-тің 74-бабына сәйкес жүргізіледі.

       Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", жеке өзіне немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

Дата публикации
28 января 2025