Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидалары

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің

 

орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 286 бұйрығына
1-қосымша

 Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабының 5-тармақшасының он тоғызыншы абзацына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – АОЖБ) сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген сома шегінде құнын өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру обьектісі;

      2) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      3) ымдау тілі маманы – мүгедектігі бар адамдар үшін қандай да бір тілден дактильді әліпбиге және (немесе) ымдау тілінде сурдоаударма жасау бойынша қызмет көрсететін маман;

      4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

  1. Ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып әзірлеген АОЖБ негізінде жүзеге асырылады.
  2. Ымдау тілі маманының қызметтері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға өтінішке сәйкес АОЖБ іс-шарасын іске асыру мерзіміне жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.
  3. Есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектігі бар адамнан ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу құқығына сенімхат алған адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) "Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тұрғылықты жері бойынша:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);

      3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);

      4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (бұдан әрі - абоненттік құрылғысы).

      Проактивті қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтінішті ұсыну талап етілмейді.

      "Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" проактивті қызметін көрсету тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфында көзделген.

  1. Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштерді "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің кезегінің электрондық журналына (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) олардың түсу ретіне қарай тіркейді.
  2. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жолдайды.

 2-тарау. "Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі"

 1-параграф. Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері өтініш беру негізінде "Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

  1. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішпен және "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді.
  2. Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің жауапты қызметкерлері өтінішті қабылдау кезінде:

      1) жеке басты куәландыратын құжат туралы не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      Ұсынылған түпнұсқалармен құжаттардың көшірмелері сәйкестендірілгеннен кейін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

  1. Құжаттарды тапсыру кезінде өтініш берушіге:

      Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

      қалалық басқармада, жұмыспен қамту бөлімінде – тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

  1. Өтініш беруші осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен мәліметтерді (құжаттарды) толық ұсынбаған кезде Мемлекеттік корпорация, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
  2. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды.

      Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Дата публикации
28 января 2025