Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 19 қаңтарында өткен Ақмола облысы Жарқайың ауданының Костычево ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

2025 жылғы 19 қаңтарда Костычево сайлау округі бойынша Жарқайың ауданының Костычево ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Костычево ауылдық округінің әкімі сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:

 

Костычево сайлау округі

Костычево ауылдық округінің әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 348 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 248. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 11.    

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

         А.О.Әбілге – 23; Ғ.Ә.Байділдинге– 192; С.Ж.Дүзелбаеваға – 22.

         Костычево ауылдық округінің әкімі болып Байділдин Ғафурбек Әнәпияұлы, 1970 жылы туған, Костычево ауылының тұрғыны, «Костычево ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

                  

         Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
20 января 2025