ЖОБА
«Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 8С-19/3 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
11-тармақ келесі мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15. жасы бойынша зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде 2 жылда 1 рет өтініш бойынша 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерде, кірістерді есепке алмағанда (әзірленген жеке оңалту және оңалту бағдарламасына сәйкес санаториялық-курорттық емдеу қызметтері ұсынылатын мүгедектерді қоспағанда).».