Ақмола облысы Жарқайың ауданының
2025 жылдың 19 қаңтарына тағайындалған сайлауға
Костычево ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
2024 жылғы 27 желтоқсанда Жарқайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Х.Рамазанова Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.
Ол 2024 жылғы 27-желтоқсанда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Жарқайың ауданының сайлау комиссиясы Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округінің әкіміне ұсынылған 3 кандидаттан 3 адамды тіркегенін хабарлады.
Костычево ауылдық округінің әкіміне кандидаттар:
Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округінің әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.
2024 жылдың 29 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 18 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.
Жарқайың аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы