Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округі әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы
хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Костычево ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы 2024 жылғы 25 желтоқсандағы хаттамасының негізінде, келесі азаматтардың:
- 1970 жылы туған, Жарқайың ауданы Костычево ауылдық округінің әкімі, Жарқайың ауданы Костычево ауылында тұратын, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақкөл аумақтық филиалымен ұсынылған, Байдильдин Ғафурбек Анапияұлы;
- 1975 жылы туған, «Жарқайың ауданы Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Жарқайың ауданы Державин қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Дузельбаева Салтанат Джамбұлқызы Костычево ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелгенін хабарлаймыз.
Жарқайың аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы