Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылдың 17 қарашасында өткен Ақмола облысы
Жарқайың ауданының Нахимов ауылдық округінің әкімін
сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
2024 жылғы 17 қарашада Нахимов сайлау округі бойынша Жарқайың ауданының Нахимов ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Нахимов ауылдық округінің әкімі сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:
Нахимов сайлау округі
Нахимов ауылдық округінің әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 185 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 142. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 1, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 10.
Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:
Ж.С.Жүсіповаға – 99; А.Т.Сайдалинаға – 17; Ж.С.Тәкеноваға – 15.
Нахимов ауылдық округінің әкімі болып Жүсіпова Жанна Сабыржанқызы, 1972 жылы туған, Нахимовка ауылының тұрғыны, «Нахимов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы