Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар тізбесі

Ақпараттық бағдарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған «№ 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы» 2024 жылғы 11 қазандағы № 19/76 қаулысы негізінде «Жарқайың тынысы» және «Целинное знамя» газеттерінің редакциялары № 7 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін баспа алаңын береді.

№7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау тіркеу аяқталған сәттен басталады: 2024 жылғы 14 қарашадан  бастап.

1 шаршы сантиметрдің құны 150 (жүз елу) теңгені құрайды-2,3,6,7 жолақ (ақ-қара), 4-5 (әр түсті).

Үгіт материалдарын жариялаудың соңғы күні – 2024 жылғы 6 желтоқсан.

Үгіт материалдарын газет бетінде орналастыруды газет редакциясы өзі айқындайды. Үгіт материалдары «Жарқайың тынысы» және «Целинное знаямя» газетінде «Сайлау-2024» айдарымен жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық бағдарлама

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 қазандағы  "№ 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы" №19/76 Қаулысы негізінде 2024 жылғы 8 желтоқсандағы тағайындалған тұлғаның депутаттық құрамнан шығуына байланысты Жарқайың аудандық мәслихатының № 7 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін "Сарыарқа-tv" телеарнасының редакциясы теледидардан 15 минут көлемінде сайлау алдындағы үгіт жүргізу бағдарламамен сөз сөйлеу үшін эфир уақытын ұсынады.

Сайлау бойынша үгіт материалдарын жариялауға шарттар жасасу кандидаттарды тіркеу аяқталған сәттен басталады: 2024 жылғы 14 қарашадан.

Депутатқа кандидаттарға "Сарыарқа-tv" телеарнасында эфир уақытын бергені үшін төлем мөлшері 70 000 (жетпіс мың) теңгені құрайды (баға  ҚҚС-сыз көрсетілді).

Редакция үгіт материалдарын жариялау кезектілігін олардың түсу тәртібімен белгілейді. "Сарыарқа-tv" телеарнасының эфиріндегі үгіт материалдарының орналасатын жерін редакция дербес анықтайды.

Үгіт материалдарын жариялаудың соңғы күні – 2024 жылғы 6 желтоқсан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық бағдарлама

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 қазандағы  "№ 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы" №19/76 Қаулысы негізінде 2024 жылғы 8 желтоқсандағы тағайындалған тұлғаның депутаттық құрамнан шығуына байланысты Жарқайың аудандық мәслихатының № 7 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттарға "Мегаполис" радиостанциясының редакциясы радиодан 10 минут көлемінде сайлау алдындағы үгіт жүргізу бағдарламамен сөз сөйлеу үшін эфир уақытын ұсынады.

Сайлау бойынша үгіт материалдарын жариялауға шарттар жасасу кандидаттарды тіркеу аяқталған сәттен басталады: 2024 жылғы 14 қарашадан.

"Мегаполис" радиостанциясында әкімге кандидаттарға эфир уақытын бергені үшін төлем мөлшері 50 000 (елу мың) теңгені құрайды (баға ҚҚС-сыз көрсетілді).

Редакция үгіт материалдарын жариялау кезектілігін олардың түсу тәртібімен белгілейді. "Мегаполис" радиостанциясының эфиріндегі үгіт материалдарының орналасқан жерін редакция дербес анықтайды.

Үгіт материалдарын жариялаудың соңғы күні – 2024 жылғы 6 желтоқсан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 ноября 2024