«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Жарқайың тынысы» және «Целинное знаямя» газетінің редакциясы 2024 жылғы 17 қарашаға тағайындалған Нахимов ауылдық округінің әкімін сайлау алдындағы жұмыс үшін ақпараттық хабарламаның баспа алаңын ұсынады.
Жариялау үшін келісім шарттары 2024 жылдың 28 қазаннан бастап жасалады.
2024 жылдың 16 қараша үгіт насихат материалдарын жариялаудың соңғы күні.
Газет редакциясы үгіт материалдарын жариялаудың кезегін олардың редакцияға келіп түсуімен байланыстырады.
Үгіт материалдарын газет бетінде орналастыруды газет редакциясы өзі айқындайды. Үгіт материалдары «Жарқайың тынысы» және «Целинное знаямя» газетінде «Сайлау-2024» айдарымен жарияланады.
Қазақстан Республикасының әкімдер кандидаттарына баспа алаңын бергені үшін бір шаршы сантиметр үшін ақы төлеу мөлшері 150 (жүз елу) теңгені құрайды.
Ұсынылған сайлау материалдары үшін төлем мөлшері 150 (жүз елу) теңгені құрайды.