Ақмола облысы Жарқайың ауданының
2024 жылдың 17 қарашасына тағайындалған сайлауға
Нахимов ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
2024 жылғы 24 қазанда Жарқайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Х.Рамазанова Жарқайың ауданы Нахимов ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.
Ол 2024 жылғы 24-қазанда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Жарқайың ауданының сайлау комиссиясы Жарқайың ауданы Нахимов ауылдық округінің әкіміне ұсынылған 3 кандидаттан 3 адамды тіркегенін хабарлады.
Нахимов ауылдық округінің әкіміне кандидаттар:
Жарқайың ауданы Нахимов ауылдық округінің әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.
2024 жылдың 27 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 16 қарашасында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.
Жарқайың аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы