№ 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы №19/76 ҚАУЛЫСЫ

   

Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Державин қаласы                                                              11.10.2024 жыл

 

№ 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша

Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы №19/76

ҚАУЛЫСЫ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізіндеаудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихатыныңшығып қалғанмәслихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған депутатыныңорнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Жарқайың тынысы», «Целинное знамя» аудандық газеттерінде және Жарқайың ауданысайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

Төрайым                                                                             Ж.Рамазанова

 

 

Хатшы                                                                                 Д.Бижанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 октября 2024