Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы

     Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру

істері агенттігінің төрағасы
Т. Есентаев

 

 

  Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 300 бұйрығымен
бекітілген

 

Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру тәртібін, сондай-ақ олардың сипаттамасын айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру, омырауға тағатын белгілерді беру тәртібі, сондай-ақ олардың сипаттамасы

      3. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтары және біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады (бұдан әрі - спорттық атақтар және біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүгінеді.

      4. Спорттық атақтар және біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және көрсету нәтижесі, сондай-ақ спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 1-қосымшасында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты форматында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін уәкілетті орган және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ мерзімі өткен құжаттарды ұсынса Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында спорттық атақтар мен біліктілік санаттары мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      5. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні (сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Уәкілетті органның жауапты қызметкері құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Стандарттың 8–тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін, сондай-ақ Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттар беруге арналған нормалар мен талаптарға (бұдан әрі – Нормалар мен талаптар) сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған, Нормалар мен талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның жауапты қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті орган 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және оң шешім болған кезде спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрық қабылдайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын уәкілетті орган оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша ескертулерді жойған кезде уәкілетті орган құжаттар топтамасын қарайды, оң шешім болған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрық қабылдайды, теріс шешім болған кезде дәлелді бас тарту жібереді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Уәкілетті орган спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың негізінде бес жұмыс күні ішінде баспахана арқылы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спорттық атақтар мен төрешілік санаттарының куәліктерін дайындауды және осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті омырауға тағатын белгіні беруді жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарының куәліктері уәкілетті органда дайындалады.

      14. Уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде спорттық атақ беру туралы куәлікті немесе біліктілік санатын беру туралы куәлікті және (немесе) тиісті омырауға тағатын белгісін немесе спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған спорттық атақтар мен біліктілік санаттарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жолданады.

      15. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады (бұдан әрі - спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүгінеді.

      Ескерту. 15-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады (бұдан әрі - жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аудандардың әкімдеріне (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) жүгінеді.

      Ескерту. 16-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін қамтитын, спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасында спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының форматындағы осы Қағидалардың 3-қосымшасында жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының форматында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган, ауданның жергілікті атқарушы органы және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары мен жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      18. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттар келіп түскен күні (сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      19. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы төрт жұмыс күні ішінде спорттық, жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беруге арналған құжаттарды Нормалар мен талаптарға сәйкестігін комиссиясыз қарайды.

      Спорттық, жасөспірімдік разрядтары және біліктілік санаттарынан айыру мәселелерін қарау үшін жергілікті атқарушы органы және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттардың түсуіне қарай шақырылатын комиссия құрады.

      20. Ауданның жергілікті атқарушы органының және жергілікті атқарушы органының жауапты қызметкері құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Стандарттың 8-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толықтығы және сәйкестігін, сондай-ақ Нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған, Нормалар мен талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жергілікті атқарушы органның және ауданның жергілікті атқарушы органының жауапты қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттар топтамасын Нормалар мен талаптарға сәйкес келгеніне қарайды және оң шешім болған кезде спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықты қабылдайды.

      Бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органның және ауданның жергілікті атқарушы органының жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша ескертулерді жойған кезде жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттар топтамасын қарайды, оң шешім болған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде спорттық разрядтар мен біліктілік санаттар беру туралы бұйрық қабылдайды, теріс шешім болған кезде дәлелді бас тарту жібереді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы спорттық, жасөспірімдік разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың негізінде екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спорттық, жасөспірімдер разрядтары мен төрешілер санаттарын беру туралы куәліктерді дайындауды баспахана арқылы жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлікті жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы дайындайды.

      22. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы бір жұмыс күні ішінде спорттық, жасөспірімдер разрядын беру туралы куәлікті немесе біліктілік санатын беру туралы куәлікті немесе спорттық, жасөспірімдер разрядтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесін не Мемлекеттік корпорацияға дәлелді бас тартуды жібереді.

      Порталда - Мемлекеттік корпорацияда спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.

      23. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттары құжаттарды тапсыру сәтінде қолданыстағы Спорттық атақтарды, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін нормалар мен талаптар негізінде беріледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағын алу үшін құжаттар ұсынбайды.

      25. Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, әдіскерлерге және нұсқаушы-спортшыларға біліктілік санаттары спорттық атақтар және біліктілік санаттарды беру және спорттық, жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрығына қол қойылған күннен бастап 5 жылдық мерзімге беріледі.

      26. Берілген санаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін төрешілер санатынан басқа жаттықтырушыға, жаттықтырушы-оқытушыға, әдіскерге және нұсқаушы-спортшыға оны растау қажет.

      27. Жоғары санат талаптарын орындаған және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағы бар жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы үшін көрсетілген санаттың қолданылу мерзімі шектелмейді.

      28. Біліктілік санаттары келесі спорт түрлерін: велоспорт және спорттың ойын түрлері, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, суға секіру, үйлесімді жүзу, биатлон, шаңғы қоссайысы, қазіргі бессайысты қоспағанда, сондай-ақ спорт шеберлігін одан әрі арттыру үшін спортшыларды басқа жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға беру жағдайларын қоспағанда, бір спортшыны дайындағаны үшін бірнеше жаттықтырушыға, жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік санаттары берілмейді.

      Спортшыларды одан әрі спорттық шеберліктерін арттыру үшін басқа жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға берген жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың спортшыны берілген сәтінен бастап екі жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері бойынша біліктілік санаттарын иеленуге тиісті құжаттарды бере алады.

      29. Жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, әдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың санаттарының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың өтініштері негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары мынадай жағдайларда ұзартады:

      1) еңбекке уақытша жарамсыздығы;

      2) жүктілікке және бала тууға, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болуы;

      3) мемлекеттік органдардың, спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің, дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының жіберуімен шетелде мамандығы бойынша іссапарда, оқуда, жұмыста болуы.

Дата публикации
01 октября 2024