"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары

      "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-16) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
С. Сарсенов

 

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 7 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 4 қараша

 

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 25 тамыздағы
№ 883 бұйрығымен
бекітілген

 

Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 23-16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау және "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және тарифтердің қолжетімділік деңгейі мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастардағы жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік мәні бар тасымалдар деп танылады.

      3. Субсидиялауға тарифтерін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) белгілейтін әлеуметтік маңызы бар қатынастары арқылы тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша пайда болған тасымалдаушының шығындары жатады.

      4. Егер "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген) бекітілген Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифі мен жергілікті атқарушы органмен белгіленген әлеуметтік маңызы бар қатынастарына арналған тариф арасындағы айырма жергілікті бюджеттен субсидияланбаса, онда тариф шамасын жергілікті атқарушы орган Әдістемеге сәйкес анықтаған жолаушыларды тасымалдау тарифі деңгейінде белгілейді.

2-тарау. Субсидиялауға жататын автомобиль көлігімен жолаушылардың әлеуметтік мәні бар тасымалдары және субсидиялар мөлшерлері

      5. Егер жергілікті атқарушы орган белгілеген жолаушыларды тасымалдау тарифі Әдістемеге сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифінен төмен болса, аталған маршрут әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар санатына жатады.

      6. Тарифтер жөніндегі комиссия және (немесе) маршрут (ауданаралық (қала iшкi облыс iшi), аудан iшiндегi, қалалық (селолық) және қала маңы қатынасы) құнын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырысының хаттамасы негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілдік органы айқындайтын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін жасайды. Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тасымалдаушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әдістемеге сәйкес анықталған маршруттағы тариф есебін қағаз немесе электронды түрде, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есебін ұсынады.

      8. Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тасымалдаушы ұсынған есептердің дұрыстығын анықтау және субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар хабарламалардың тізбесі бойынша ұсыныстарды қалыптастыру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы әкiмнiң бұйрығымен төрағадан, төрағаның орынбасарынан және оның мүшелерінен тұратын комиссия (бұдан әрi – Комиссия) құрайды.

      Комиссияға жергілікті атқарушы орган әкімінің орынбасары басшылық етеді, ол Комиссияның төрағасы болып табылады. Комиссия құрамына жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың (жолаушылар көлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша уәкілетті), өңірдің өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палаталарының, заңды тұлғалардың автокөлік бірлестіктері мен қоғамдық бірлестіктердің, автомобиль көлігі саладағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдері (қарастырылып отырған маршрут ұйымдастырылған елді мекенде бар болса) кіреді. Комиссияның құрамына кәсіподақтардың, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдарының өкілдері кіруі мүмкін. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар өкілдерінің жалпы саны Комиссия құрамының жартысынан аспайды.

      Комиссияның өкілеттік мерзімі бес жыл. Комиссияның өкілеттіктері аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы орган Комиссияның құрамына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және оны осы тармақтың талаптарына сәйкес әкімнің өкімімен бекітеді.

      Комиссия мүшелері жұмыс істеп тұрған комиссиядан шыққан кезде, жергілікті атқарушы орган шығып қалған мүшелерді алып тастау және Комиссияның жаңа мүшелерін құрамына енгізу жолымен комиссия құрамына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      Комиссия отырыстары аудио және бейнежазбаны пайдалана отырып, Комиссия төрағасы мен мүшелерінің қатысуымен немесе қашықтан (қашықтықтан) форматта онлайн-трансляция режимінде өткізіледі.

      Комиссия төрағасы оның іссапарда, демалыста немесе еңбекке уақытша жарамсыз болуы себебімен болмаған кезде, оның өкілеттігін Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, Комиссия төрағасы мен мүшелері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қолданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Үміткерлердің жоқ болу себебіне байланысты екi реттен артық маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзiлмеген деп танылған халықтың әлеуметтiк маңызы бар тасымалдауға мұқтаждығы туындаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган Комиссияның қарауына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әдістемеге сәйкес анықталған маршруттағы тариф есебін, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршрут құнының есебін енгізеді.

      Отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия тарифтерді және (немесе) маршрут құнын айқындаудың дұрыстығын растайтын қағаз немесе электрондық нысанда хаттама қабылдайды, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың есебін және (немесе) маршрут құнын алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін жасайды.

      10. Мәселе туындаған жағдайда тариф анықтаудың дұрыстығын растау үшін Комиссия тасымалдаушыдан Әдістемеге 1-қосымша болып табылатын Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделі шеңберінде тариф есептеуде қолданған құжаттар мен ақпаратты тек бір рет сұратады.

      Комиссия маршрут құнын анықтаудың дұрыстығын растау мақсатында сұрақтар туындаған жағдайда тасымалдаушыдан осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес маршруттың құнын айқындау кезінде пайдаланылған құжаттар мен мәліметтерді тек бір рет сұратады.

      Отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия тасымалдаушының шығындарын субсидиялау кезінде жергілікті атқарушы органдармен орындалатын тарифтерді және (немесе) маршрут құнын айқындаудың дұрыстығын растайтын қағаз немесе электрондық нысанда хаттаманы қабылдайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тасымалдаушыдан есептер келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін жасайды.

      Төтенше жағдай және карантиндік шектеулер кезеңінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау нақты тасымалданған жолаушыларды ескере отырып, осы Қағидалардың 7-11-тармағына сәйкес есептік тарифті анықтау жолымен жүзеге асырылады. Комиссия тариф анықтаудың дұрыстығын осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тасымалдаушыдан төлемдер түскен күннен бастап және (немесе) маршруттың құны 7 жұмыс күні ішінде растайды.

      Комиссияның тасымалдаушының ұсынған есептер бойынша ескертулері болған жағдайда, бұл есептеулер Комиссия отырысының хаттамасында барлық ескертулер көрсетіле отырып, пысықтауға жіберіледі. Ескертулерді жою мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайды.

      Комиссия отырысының хаттамасы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланады.

      Есептеудің дұрыстығы комиссия отырысының хаттамасымен расталған маршруттың тарифіне және (немесе) құнына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бұдан бұрын есептерді жергілікті атқарушы органға ұсынған тасымалдаушыны тарта отырып, комиссия отырысы тағайындалады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады, ол құрылымның жалпы санынан үштен екісі болған кезде құқықты.

      Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілген болса, Комиссия шешімі қабылданған болып саналады. Теңбе-тең дауыс берілген жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

      12. Әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялауға бағытталған сомалар көлемін анықтау әрбір маршрут мынадай:

      1) Әдістемеге сәйкес айқындалған жолаушыларды тасымалдауға арналған тариф пен жергілікті атқарушы орган белгілеген тасымалданған жолаушылардың нақты санына көбейтілген әлеуметтік маңызы бар қатынастарына арналған тариф арасындағы айырма;

      2) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес айқындалатын маршруттың бір километрінің құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын тасымалдауды орындаудан болатын, автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісін (километр) негізге ала отырып, нақты көлемге көбейтілген автокөлік құралдарының маршрут бойынша жүріп өткен жүрісінің және жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаржы қаражатының шығыны.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Әлеуметтік маңызы бар қатынасты субсидиялауға арналған болжамды қаражат көлемі Әдістемеге сәйкес айқындалған жолаушыларды тасымалдауға арналған тариф пен жергілікті атқарушы орган белгілеген тариф арасындағы жылдар бөлінісінде тасымалдауға жоспарланған жолаушылардың жыл сайынғы санына көбейту айырмасы ретінде айқындалады.

      Автобустың тұрақты тасымалын жүзеге асыру үшін маршруттың құны айқындалған кезде, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес, маршрут бойынша жүретін автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып, тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға арналған болжамды қаражат көлемі жоспарланған жолаушылар мен багажды тасымалдау санынан алынатын кірістер мен маршрут құны арасындағы айырмасы ретінде айқындалады.

      14. Жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді жүзеге асыруды жоспарлау үшін жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті бюджет бағдарламасы бойынша үш жылға бюджеттік өтінімді әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      Осы Қағидалардың 13-тармақтарына сәйкес анықталған әлеуметтік мәні бар қатынастарды субсидиялауға арналған қаражат көлемі және әлеуметтік қатынастар тізілімі бюджеттік өтінім үшін негіз болып табылады.

      Жергілікті атқарушы орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органы жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын хабарламалардың сомасын үш жылдық кезеңге бекітеді.

      15. Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес айқындалған сома негізінде жергілікті өкілді органның шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы орган арасында Әлеуметтік маңызы бар жол қатынасын субсидиялау туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалады, ол:

      1) тараптардың орындауы үшін осы Қағидалармен айқындалған шарттарды;

      2) жылдар бөлінген үш жылға болжамдалған жолаушыларды тасымалдау санын;

      3) жыл бойынша үш жылға арналған субсидиялардың болжамды көлемін;

      4) белгіленген тарифті (тарифтердің торын);

      5) маршрут бойынша Әдістемеге сәйкес айқындалған тарифті;

      6) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып, тұрақты автобус тасымалдауларын жүзеге асыру үшін маршрут құны анықталған кезде жылдар қимасында үш жылғы маршрутта жүріп өткен болжамдық жалпы жиынтық жолын (километр);

      7) ұсынылған растаушы құжаттарға сәйкес келмеген кезде заңсыз алынған субсидияны тасымалдаушыға қайтаруды;

      8) ұсынылған растайтын құжаттарға сәйкес келген кезде алынбаған субсидияларды жергілікті атқарушы органдардың төлеуді;

      9) жергілікті атқарушы органдардың тасымалдаушының нақты орындалған жұмыстары мен жұмсалған шығындары бойынша субсидиялар төлеуі;

      10) қаржы жылының қорытындылары бойынша тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы орган арасында маршрутқа қызмет көрсету шығындары және субсидиялар сомасы бойынша өзара есеп айырысуларды жүргізуді қамтиды;

      11) Шарттың қолданылу мерзімі осы маршрутқа жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының қолданылу мерзіміне белгіленеді. Маршрутты әлеуметтік маңызы бар хабарламалар тізбесінен алып тастаған кезде Шарт өзінің қолданылуын тоқтатады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Жергiлiктi атқарушы органдар тоқсан сайын, тоқсаннан кейiнгi айдың 5-iне дейiн автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға Комиссия жұмысының нәтижелерi және әлеуметтiк маңызы бар хабарламаларды субсидиялау туралы ақпаратты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жiбередi.

3-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі мен шарттары

      17. Тасымалдаушы есептік айдан кейінгі әр айдың 15 күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы айлық ақпаратты (бұдан әрі – ай сайынғы есеп) жібереді.

      Осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып айқындалған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде тасымалдаушы есептік айдан кейінгі әр айдың 10-шы күніне дейінгі мерзімде уәкілетті ұйымға ай сайынғы есеп жібереді, кейін уәкілетті ұйым есептік айдан кейінгі әр айдың 15-ші күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыс туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға айлық ақпаратты ұсынады. Уәкілетті ұйым болмаған жағдайда тасымалдаушы әр айдың 15-күніне дейін жергілікті атқарушы органға ай сайын ақпарат жібереді.

      "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      18. Тасымалдаушы (жеке немесе заңды тұлға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға арналған өтінішті (бұдан әрі –өтініш) және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Тізбеде жазылған.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      19. Төтенше жағдай және (немесе) карантиндік шектеулер енгізуге байланысты әлеуметтік маңызы бар хабарламалар бойынша тасымалдауды мәжбүрлеп тоқтата тұру кезеңінде ағымдағы қаржы жылындағы ең төменгі жалақысына сәйкес тасымалдаушының жүргізушілерге және (немесе) кондукторларға еңбекақы төлеуге және әлеуметтік аударымдарға шығыстары субсидиялауға жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізушілердің және (немесе) кондукторлардың жалақы мен әлеуметтік аударымдары бойынша тасымалдаушының өтінішін және төлеуге жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты жолдайды.

      20. Әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидияларды төлеуді жергілікті атқарушы орган тасымалдаушыға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес субсидия тағайындау туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Шарттың негізінде ай сайын жүргізеді.

      Тасымалдаушы осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген ай сайынғы ақпаратты айдың 15-күнінен кейін ұсынған кезде жергілікті атқарушы органдардың субсидиялар төлеуі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20-1. Тасымалдаушыда айдың 15-күніне дейін автокөлік құралдарына арналған лизинг шарты бойынша лизингтік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер болған кезде жергілікті атқарушы органдардың субсидиялар төлеуі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағидалар 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      22. Көрсетілетін қызметті алушыдан Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш және құжаттар топтамасы түскен кезде, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе жетекшілік ететін басшының орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы қарау үшін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.

      23. Ұсынылған құжаттардың толық ұсынбау және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті бұдан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      24. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған құжаттар топтамасы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны ресімдейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісуі бойынша жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      25. Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны не Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      26. Жылдың соңғы күнтізбелік айы үшін бюджеттік субсидияларды төлеу кейіннен келесі жылдың 25 қаңтар мерзімінен кешіктірмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып, 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған, болжамды деректер бойынша жасалған субсидияланатын қатынастар бойынша есеп негізінде жүзеге асырылады.

      27. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      28. Жергілікті атқарушы орган Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      29. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.".

4-тарау. Тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру үшін маршруттың құнын анықтау тәртібі

      30. Құны жол жүру ақысын электронды жинау жүйесін пайдалана отырып, көлік құралдарының жалпы жылдық жүрісіне, белгілі бір кезеңдегі маршруттың құнын есептеуге немесе белгілі бір жұмыс көлемін орындауға негізделетін маршрут бойынша тасымалдауды жүзеге асыру кезінде (көрсетілетін қызметтері) мынадай түрдегі экономикалық-математикалық модельді пайдаланады:

      СМ = Зжқ + Зжэтж + Здисп + ( Зт + Зү ) * R

      формула (1)

      СМ = Зжқ + Засп + ( Зт + Зү ) * R

      формула (2)

      мұнда: СМ – белгілі кезеңге маршрут құны немесе көлік жұмысының белгілі көлемін орындау үшін;

      Зжқ – тасымалдаушы жылжымалы құрамға (амортизацияға) немесе лизинг шарты бойынша уақытша иеленуге және пайдалануға (лизинг төлемдері) жұмсайтын нормативтік шығындардың жалпы сомасы;

      Зт – тасымалдаушының тікелей нормативтік (есептік) жалпы сомасы (отын, жағармай материалдары, автокөлік құралдарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету, автошиналарды ауыстыру және жөндеу, жүргізушілер мен кондукторлардың еңбекақысы);

      Зү – тасымалдаушының үстеме шығындарының нормативті сомасы;

      Зжэтж – жолақыны электрондық төлеу жүйесі операторының қызметтерін ескеретін шығындар (оператордың электрондық жүйесі пайдаланатын жабдыққа қызмет көрсету, ұстау және жөндеу) (осы қызметке тасымалдаушы төлем жасаған кезде);

      Здисп – диспетчерлік жүйе операторының қызметтерін есепке алатын шығындар (осы қызметке тасымалдаушы төлем жасаған кезде);

      Засп – автовокзалдардың, автостанциядардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтерін есепке алатын шығындар;

      R – осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша тасымалдаушының шығындарына есептік рентабельділік коэффициенті 1,15-ке тең (15% ретінде қабылданады).

      Тасымалдаушының қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) ескере отырып шеккен шығыстары маршрут құнын есептеу кезінде ҚҚС қоса ескеріледі.

      ҚҚС әлеуметтік маңызы бар маршрутта пайдаланылатын автокөлік құралдарының амортизациясына байланысты тасымалдаушының шығындарына қабылданады.

      Формула (2) жол жүру ақысын электронды жинау жүйесін пайдаланбайтын ауданаралық (қалааралық облысішілік) және ауданішілік тасымалдауға қолданылады.

      ҚҚС айқындау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ҚҚС жарнасы қолданылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Баптар бойынша нормативтік шығындардың іріленген есептері мынадай орындалады:

      1) Зпс – жылжымалы құрам бойынша тасымалдаушының жалпы құны кіреді:

      Лизингтік төлемдер-лизинг шартының бүкіл қолданылу мерзімі үшін лизинг шарты бойынша төлемдердің жалпы сомасын білдіретін мерзімді төлемдер, олар лизинг шартын жасасу сәтіндегі баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулі бөлігін өтеуді ескере отырып есептелуге тиіс және лизинг шартының қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылатын, оған мыналар кіреді:

      лизинг берушіге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткізуге және оны лизинг шартына сәйкес мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты кез келген басқа шығыстарды өтеу;

      лизинг бойынша сыйақы.

      Жылжымалы құрам бойынша жылдық лизингтік төлемнің мөлшері (жылдық аннуитет) лизинг шартына, лизинг шартына төлем кестесіне сәйкес, сондай-ақ оны өтеуге байланысты шығыстарды ескере отырып айқындалады және мынадай тәртіппен есептеледі:

      Лжыл = Л + S

      формула (3)

      мұнда: Лжыл - жылжымалы құрам бойынша жылдық лизингтік төлемнің (жылдық аннуитет) мөлшері;

      Л – лизинг шартына кестеде белгіленген жыл сайынғы лизингтік төлемдердің сомасы;

      S – лизингтік бағдарлама шеңберінде лизинг берушінің мүлкін ерікті сақтандыру шартын жасасу кезінде төленуге жататын жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлігі) сәйкес айқындалады;

      2) Жылжымалы құрам бойынша лизинг төлемдері болмаған жағдайда, олардың жалпы жүрісін ескере отырып, маршрутқа бекітілген көлік құралдарының амортизациялық аударымдарының сомасы өтелуге жатады. Формула арқылы есептелген:

      За = 0,15 * Ам * Кр * Ц

      формула (4)

      мұнда: За – амортизация шығындары;

      0,15 – 15 % көлемінде автокөлік құралдары бойынша амортизация нормасы (жалға алынған автокөлік құралдарына қолданылмайды);

      Кр – автокөлік құралдары резервінің коэффициенті (маршрутта бекітілген автокөлік құралдарының жалпы санының шығындарды есептеу үшін 1,2-ге тең кесте бойынша маршрутқа жеткізілуге жататын автокөлік құралдарының санына қатынасы;

      3) Зт – тасымалдаушының тікелей нормативтік (есептік) жалпы сомасы мынадан тұрады:

      Зо – осы маршрутта пайдаланылатын автокөлік құралдарының жалпы жүріп өткен жолына есептегенде автомобильдік отын электр энергиясы/газ/сутегі шығындары тариф есептелетін күнгі барлық қолданыстағы үстемелер мен 1 литр бензиннің/1 киловат электр энергиясының/1 килограмм сутегінің дара бағасын есепке алып, 100 километр жұмсалған отын/электр энергиясы/газ/сутегі шығындарының базалық нормаларына сүйеніп анықталады (осы бөлшек сауда бағасы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес тарифті анықтаудың дұрыстығы расталғанға дейін жарамды):

      Зо = 0,01 * Lжж * НТ * КН * ЦТ

      формула (5)

      мұнда: 0,01 - 100 километрден 1 километрге отын шығынын қайта есептеу;

      Lжж - төмендегі формула бойынша есептелетін маршрутқа қызмет көрсетуде автокөлік құралдарының жылдық жүріп өткен жолы:

      Lжж = Кж * ( n * Lкр + Lo )

      формула (6)

      мұнда: Кж - бір жылда маршрутқа қызмет көрсетілген күндер саны (жыл бойы әр жұмыс істеу режимінде Кж = 365) (жергілікті атқарушы органдар бекіткен маршруттар кестесіне сәйкес айқындалады);

      n - бағдардағы рейс айналымдарының күнделікті саны (демалыс, мереке, жұмыс күндеріне, жылдың маусымдылығына байланысты жылдағы бару жолында айырмашылық болған кезде олардың орташа мәні алынады);

      Lкр - маршруттағы рейс айналымдарының қашықтығы километр;

      Lo - күнделікті нөлдік жүріп өткен жол, километр;

      Маршрут сипаттамаларының көрсеткіштерінің әртүрлі мәндері жұмыс және демалыс күндері бойынша әртүрлі мәндерге ие болса, онда автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүріп өткен жолы осы көлемдерді жинақтаумен жұмыс және демалыс күндері бойынша жеке анықталады.

      Жазғы және қысқы кезеңдердегі маршрут кестесінің әртүрлі мәндерге ие болса және (немесе) маршрут толық емес күнтізбелік жыл ішінде жұмыс істеген жағдайда, онда отынға шығындар жазғы және қысқы кезеңдердегі шығындардың соммасы ретінде анықталады:

      Зо.жаз = 0,01 х Lжж.ж. х НТ х Цл.т. х КНж.

      формула (7)

      Зо.қыс = 0,01 х Lжж.қ. х НТ х Цз.т. х КНқ.

      формула (8)

      Зо = Зо.жаз + Зо.қыс

      формула (9)

      мұнда: Зо.жаз - жазғы автомобиль отынының құны;

      Зо.қыс - қысқы мотор отынының құны;

      Lжж.ж. - жазда автокөліктердің жылдық жүрісі;

      Lжж.қ. - қыста автокөліктердің жылдық жүрісі;

      KНж., KНқ. - трассадағы (жазғы, қысқы) көлік құралдарын пайдаланудың нақты жағдайлары үшін базалық мөлшерлемеге үстемеақылардың жиынтық коэффициенті.

      НТ – көліктің 100 километріне литр/киловатт/килограмм отын шығынының негізгі нормасы;

      Дизель отынын (бензинді)/газды тұтынудың базалық нормасы мен жинақталған үстеме коэффициенті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысына (бұдан әрі – Отын шығынының нормасы) сәйкес анықталады.

      Электрлік автобустар үшін 100 километрге сағатына киловатт электр энергиясын тұтыну нормасы және ол үшін жалпы қосымша ақы коэффициенті Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады.

      Отын ретінде сутегіні пайдаланатын автокөлік құралдары үшін 100 километрге сағатына килограмм сутегі отынын тұтыну нормасы және ол үшін жалпы қосымша ақы коэффициенті Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады.

      Бо – дизельдік отынның (бензиннің)/газдың/электр энергиясының/сутегінің бағасы.

Дата публикации
30 сентября 2024