Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 69) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары;
2) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
В. Школьник |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 13 ақпан
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына бекітілген |
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.12.2020 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 69) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2) жүйелiк оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
3) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;
4) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;
5) энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушыларға, жылу энергиясын тұтынушыларға өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Заңның 6-бабы 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қуаты 5 (бес) МегаВаттан (бұдан әрі – МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 (жүз он) килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын (бұдан әрі – Әзірлік паспорты) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша береді.
4. Заңның 6-бабы 10-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Жергілікті атқарушы орган) осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша береді.
5. Заңның 6-бабы 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өз құрамында кернеуі 35 (отыз бес) кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, белгіленген электр қуаты 5 (бес) МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 35 (отыз бес) МВт дейін қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға Әзірлік паспортын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша береді.
6. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) жыл сайын 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
8. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алуға өтініші;
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі (бұдан әрі – Әзірлік актісі);
3) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі;
4) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды Портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Жыл сайын Көрсетілетін қызметті алушы Әзірлік актісін дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлікті бағалау жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы) құрады және ол 1 тамыздан бастап жұмыс істей бастайды.
10. Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы төрағадан, төраға орынбасарынан және оның мүшелерінен тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде 5 (бес) адамды құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушының комиссия құрамына Көрсетілетін қызметті алушының жауапты лауазымды адамдары, Жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері Заңмен белгіленген құзыреті бойынша кіреді.
Комиссия жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Әзірлік актісін дайындау үшін дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері комиссияның отырысына қатыса алады.
11. Көрсетілетін қызметті алушының комиссия төрағасы болып Көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам тағайындалады. Жергілікті атқарушы органның өкілі төрағаның орынбасары болып тағайындалады.
12. Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғанда құжаттар тізбесіне сәйкес Көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін айқындайды.
13. Жұмыс қорытындысы бойынша Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы Әзірлік актісін ресімдейді және оған барлық мүшелері қол қояды.
14. Егер отырыста Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады.
Көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының жекелеген мүшелері келіспеген кезде Әзірлік актісіне "ерекше пікірмен" қол қойылады.
Көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының ерекше пікірі Әзірлік актісіне қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау кезінде Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы анықтаған кемшіліктер Әзірлік актісінде көрсетіледі.
15. Көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын еместігі жағдайында Көрсетілетін қызметті алушының басшылығы кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясымен келіседі. Келісілген іс-шаралар жоспары Әзірлік актісіне қоса беріледі.
16. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Құжаттар Портал арқылы келіп түскен күні мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның, Жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшенің (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) іс жүргізуге жауапты маманы құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысын анықтайтын Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы құжаттарды Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.
2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды қарайды және толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер сәйкес келмейтін талаптарды көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Егер хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді талаптарға сәйкес келтірмесе, Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беру үшін қажетті осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне немесе осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген әзірлік паспортын беруден бас тарту үшін негіздердің болуына талдауды жүзеге асырады, тиісті қорытынды дайындайды және осы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге енгізеді.
1 (бір) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушының қорытындысын келіседі және осы қорытынды Көрсетілетін қызметті берушінің энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі ші комиссиясының (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы) қарауына енгізіледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021 № 220 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Осы қорытындыны және Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін Көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығына сәйкес жыл сайын Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия құрамы және Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы туралы ереже бекітіледі, бұл комиссия 15 (он бесінші) тамыздан бастап 19 (он тоғызыншы) қазан аралығында жұмыс істейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы осы қорытындыны және ұсынылған құжаттарды аптасына кемінде бір рет қарайды.
19. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері құратын Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің және Жергілікті атқарушы органның өкілдері енгізіледі.
20. Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде 5 (бес) адамды құрайды.
Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының хатшысы Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.
Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының отырысына дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері комиссияның отырысына қатыса алады.
21. Жергілікті атқарушы орган құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып Жергілікті атқарушы органның жауапты адамы тағайындалады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның жауапты адамы тағайындалады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесі құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің жауапты адамы тағайындалады.
Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия мүшелерінің мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес реттеледі.
22. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының шешімі отырыс хаттамасымен ресімделеді, сондай-ақ техникалық жазба құралдарының (аудио-, бейнежазба) көмегімен тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы отырысының хаттамасында Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының техникалық құралдарды қолданғаны туралы белгі қойылады.
Техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар отырыс аяқталған сәттен бастап бір жыл бойына Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының хатшысында сақталады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Егер Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының отырысында Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының шешімі заңды болып есептеледі. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысқан Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы мүшелерінің көпшілік ашық дауыс беруі арқылы айқындалады.
Көпшілік шешімімен келіспеген Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия мүшесі өзінің "ерекше пікірін" жазбаша түрде баяндайды, ол Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
24. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушыға әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы немесе әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Құжаттар топтамасын, қорытындысын және тыңдау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Әзірлік паспорты берілсін;
2) Әзірлік паспорты ескертулермен берілсін;
3) Әзірлік паспортын беруден бас тартылсын.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021 № 220 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарды орындағанын растайтын ұсынылған құжаттар мазмұнының сәйкестігі Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының Әзірлік паспортын беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады.
26. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының Әзірлік паспортын беру туралы шешімі немесе Әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін Көрсетілетін қызметті алушыға Әзірлік паспорты электрондық түрінде беріледі.
Әзірлік паспорты алдағы күзгі-қысқы кезеңде қолданылады.
27. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігі Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының Әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады, бұл ретте кейбір құжаттар мазмұны бойынша қосымша түсіндірмелер, материалдар және негіздемелер ұсынылуы қажет.
Ескертулер оларды келесі жылдың 1 (бірінші) қаңтарына дейінгі мерзімде жою үшін белгіленіп беріледі.
Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты Көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушіге ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
28. Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының қарау қорытындысы бойынша жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Әзірлік паспортының жобасын, ескертулері бар Әзірлік паспортын немесе Әзірлік паспортын беруден дәлелді бас тарту туралы шешім жобасын дайындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.