Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Құмсуат жіне Үщқарасу ауылдарының әкімдерін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2024 жылғы 15 қыркүйекке  тағайындалған Құмсуат жіне Үщқарасу ауылдарының әкімдерін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМАСЫ

 

         2024 жылғы 15 қыркүйекте екі сайлау округтері бойынша Жарқайың ауданының Құмсуат және Үшқарасу ауылдарының әкімдерін сайлау өтті.

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Пригород ауылының әкімі сайлауының қорытындысы туралы №501, 505 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:

Құмсуат сайлау округі

Құмсуат ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 220 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 160. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 6, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 5.        

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

         Е.А.Багисовке – 15; Б.С.Рақымжановқа – 115; А.Т.Сайдалинаға – 19.

         Құмсуат ауылының әкімі болып Рақымжанов Берік Сұлтансеитұлы, 1970 жылы туған, Құмсуат ауылының тұрғыны, Жарқайың ауданының «Құмсуат ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі сайланды, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Үшқарасу сайлау округі

Үшқарасу ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 182 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 133. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 7.        

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

         С.А.Мусинге – 94; Ж.Т.Мыңбаевқа – 17; А.Е.Скобцоваға – 13.

         Үшқарасу ауылының әкімі болып Мусин Серік Алтынбекұлы, 1967 жылы туған, Державин қаласының тұрғыны, «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК директорының м.а. сайланды, өзін-өзі ұсынған.

         Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
16 сентября 2024