|
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА |
"БЖЗҚ" АҚ 2024 жылдың 01 тамызына
зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі - 20 252,45 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 20 077,64 млрд теңге болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 120,03 млрд теңге.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 54,79 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2024 жылғы 1 тамызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 44,04%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,68%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,49%, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 4,41%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,79%, МҚҰ - 1,72%.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 62,70%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 37,30%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 904,17 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 420,95 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан – 167,73 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып, 85,8 млрд теңге болды. Басқа шығындар – 1,01 млрд теңге.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылғы қаңтар-шілде айларындағы жалпы кіріс оң нәтиже көрсетіп, 1,41 трлн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңдегі БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі - 7,51%.
2024 жылғы 1 тамыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 85,75%, РЕПО операциялары – 13,40%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,44%, ҚРҰБ депозиттері – 0,41%.