Ақмола облысы Жарқайың ауданының
2024 жылдың 15 қыркүйегіне тағайындалған сайлауға
Құмсуат және Үшқарасу ауылдарының әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы қорытынды хабарлама
2024 жылғы 23 тамызда Жарқайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Х.Рамазанова Жарқайың ауданы Құмсуат және Үшқарасу ауылдарының әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.
Ол 2024 жылғы 23-тамызда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Жарқайың ауданының сайлау комиссиясы Жарқайың ауданы Құмсуат және Үшқарасу ауылдарының әкіміне ұсынылған 6 кандидаттан 6 адамды тіркегенін хабарлады.
Құмсуат ауылының әкіміне кандидаттар:
Үшқарасу ауылының әкіміне кандидаттар:
Жарқайың ауданы Жаңадала ауылдық округінің әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.
2024 жылдың 25 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.
Жарқайың аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы