Жарқайың ауданының 2024 жылғы қаңтар - маусым айларында әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы анықтама

Жарқайың ауданының  2024  жылғы  қаңтар - маусым айларында әлеуметтік - экономикалық  дамуы  туралы анықтама

 

Өнеркәсіптік жағдайы

 

2024 жылғы қаңтар маусым айларында ауданның  кәсіпорындары                        1 289,6 млн.теңге  сомасына  өнеркәсіптік  сипаттағы  өнімдерді  шығарды және  қызметтерді көрсетті (2023 жылғы  қаңтар маусым айларында –                         2 012,8 млн. теңге).

Нақты көлем индексі (бұдан әрі НКИ)  ұқсас кезеңге  68,0% құрады Тау-кен өндіру өнеркәсібінде  228,8 млн. теңге сомасына өнім

(тауарлар, қызметтер) өндірілді НКИ-98,0%.

Өңдеу өнеркәсібінде 370,5 млн.теңге сомасына өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді НКИ 28,0%.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау  салаларында 365,8 млн. теңгеге өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, НКИ-143,9%.

 Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда 324,5 млн. теңгеге өнім шығарылды және қызметтер көрсетілді, НКИ -105,7%.

Ауыл шаруашылығы

 Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісі 2 449,9 млн. теңгені құрады оның ішінде: мал шаруашылығы бойынша 2 446,5 млн. теңге немесе 101,1%, өсімдік шаруашылығы бойынша 0 млн. теңге немесе 0%, қызметтер 3,4 млн.теңге.

 Өнімнің нақты көлемінің индексі 101,1%.

 Мал шаруашылығы

Статистикалық  деректер бойынша  аудан  шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 9 862 бас, бұл өткен жылғы деңгейден 103,2% құрайды. Оның ішінде сиыр саны 5 110 бас, яғни өткен жылғы көрсеткіштің 119,9% -ын құрайды

Қой  мен  ешкі  саны  24 727 басты  немесе 87,5% құрады

Аудан бойынша шошқалардың саны 3 024 бас,   яғни  45,2% құрайды. Жылқы саны  9 730 басты немесе өткен жылдың 90,6% құрады  Аудан бойынша құстардың  саны 43 142 басты немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 182,5% құрайды Түйе саны 22 бас немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5%.

Есепті кезеңде ауданда 1 357,0 тонна тірі салмақтағы ет сатылды, яғни өткен жылғы деңгейден 85,4% -ын құрайды. Сүт 2 408,6 тонна немесе 102,8% сауылған. Жұмыртқа 991,6 мың дана немесе өткен жылдың деңгейіне 111,5% алынды

Инвестиция жағдайы

 Ауданның негізгі капиталына талданып отырған кезеңде 1 676,1 млн.теңге инвестиция тартылды немесе тиісті кезеңге 29,7%.

 Қарастырылып отырған кезеңде инвестицияларды салудың негізгі көздері шаруашылық жүргізуші  субъектілердің  өз  қаражаты есебінен 1 197,9 млн.теңге, Басқа қарыз қаражаты есебінен 55,2 млн. теңге, бюджет қаражаты 423,1 млн. теңге инвестициялар болды

 

Құрылыс

 

2024 жылғы қаңтар маусым айларында құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 500,3 млн.теңгені құрады (2023 жылғы қаңтар маусымда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 524,8 млн. теңгені құрады) НКИ 92,4%.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 243,4 млн. теңге немесе тиісті кезеңге 71,9%. Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру 1 443,0 ш.м (2023 жылғы қаңтар маусымда 1 441,0 ш. м.) НКИ-100,1%.

 

Сауда

2024 жылғы қаңтар маусым айларында бөлшек тауар айналымының көлемі 1 273,0 млн.теңгені немесе тиісті кезеңге 109,3% -ын құрады

 

Қаржы - бюджет саласының жай-күйі

 Есепті кезеңде аудан бойынша жалпы мемлекеттік бюджетке түсімдер        1 154,9 млн. теңгені құрады, болжам бойынша 1 498,3 млн. теңге немесе жоспарға 77,1%.

 

    млн. теңге

Бюджетке түсетін түсімдер

2024 жылғы 1 шілдеге арналған жоспар

2024 жылғы 1 шілдеге арналған дерек

Орындалу, %

Мемлекеттік  бюджет, оның ішінде

1 498,3

1 154,9

77,1

республикалық бюджет

750,7

240,1

32

Жершілікті бюджет

747,5

914,9

122,4

Салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оның ішінде

1 482,4

1 123,0

75,8

Республикалық  бюджетке

750,7

230,8

30,7

Жергілікті  бюджетке

731,7

892,2

121,9

Салықтық емес төлемдері бойынша ммелекеттік бюджетке түсетін түсімдер,оның ішінде

15 853

31 910

201,3

Республикалық бюджетке

10

9 253

92 530

Жергілікті бюджетке

15 844

22 655

143

 

2024 жылғы 1 шілдеге арналған  бересі 484,1 млн.теңгені құрады (2023 жылы 173,5 млн. теңге).

Аудандық бюджет түсімдері 1 535,0 млн.теңгені немесе 111,4%–ын  құрады  оның ішінде жеке кірістері  бойынша  түсімдер  - 546,4 млн. теңге.

Аудан бюджетің  түсімдерінің  жалпы  көлеміндегі кірістердің жеке  үлесі 35,6% -ын құрады  

Жоспар кезінде 1 634,5 млн. теңге шығындар бойынша орындау 1 634,4 млн.теңгені  немесе  100% -ын  құрады

 

Әлеуметтік сала

Халықты жұмыспен қамту

 

Есепті кезеңде нақты секторда 309 жаңа жұмыс орны құрылды ( 2023 жылы 451), оның ішінде 161 тұрақты жұмыс орны. Жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына 271 адам өтініш жасады. Өтініш білдірген азаматтардың жалпы санынан әйелдер - 59,0% құрайды, 14-35 жас аралығындағы жастарға 30,6% келеді. Есепті кезеңде барлығы 228 адам жұмысқа орналастырылды (2023 жылы 269 адам).

2024 жылғы қаңтар-маусым айларында қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер  саны  40  адамды  құрады Есепті кезеңге жұмыссыздар саны          161 адамды құрады (2023 жылы 170 адам).

2021-2025 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық  жоба» шеңберінде 15 адам  қамтылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарымен 10 адам (жоспар бойынша 10 адам), жастар практикасына жәрдемдесумен 5 адам (жоспар бойынша 25 адам).

 

2024 жылғы  бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 236 747 теңгені немесе 104,6% -. құрады (орташа облыстық көрсеткіш 313 253 теңге).

 

ТКШ нысандарын дамыту, объектілерді жөндеу көлік инфрақұрылымының

 

2024 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін дамытуды,  көлік  инфрақұрылымы  мен  спорт объектілерін жөндеуді көздейтін  жобаларды  іске  асыруға 1 174,4 млн. теңге көзделген оның ішінде:         

44,7 млн. теңге Шойындыкөл ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялауға;

513,8 млн. теңге –  Державин  қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға (3 кезек);

19,7 млн.теңге –Державин қаласының Жастар шағын ауданындағы                     80 - пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер салуға және абаттандыруға (8-позиция).

57,0 млн. теңге - Державин қаласының Жастар шағын ауданындағы                     80 - пәтерлі тұрғын үйге қайта жаңартуға (8-позиция).

 59,4 млн. теңге -Державин қаласының Жастар шағын ауданындағы                     80 - пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер салуға және абаттандыруға (9-позиция);

108,6 млн. теңге Пятигор  ауылының дәрігерлік амбулаториясына инженерлік желілер салу.

102,9 млн.теңге «Коммунсервис» ШЖҚ МКК материалдық техникалық базасын нығайтуға (78,7 млн. теңге Құмсуат ауылы БМК, Нахимов ауылы 24,2 млн. теңге тиегіш).

100,0 млн. теңге –Державин   қаласындағы аудандық кітапхананы күрделі жөндеуге;

60,9 млн. теңге жылыту маусымын аяқтау (көмір сатып алу)

7,4 млн. теңге – Шағын аудандағы Степной кентінің  № 5 80 пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуі.

100,0 млн.теңге Державин қаласындағы Жатар шағын ауданындағы жылумен жабдықтау желілерін ағымдағы жөндеуі.  

 

Денсаулық сақтау

2024 жылғы 1 шілдеге  халықтың туу көрсеткіші  0,9-ға төмендеді                   және  2023  жылы  4,8,   2024 жылы  3,9- құрайды (2023 жылы 63 бала, 2024 жылы 50 бала дүниеге келді),  халық өлімінің 1,5-ке төмендеуі, 2023 жылы 5,9-дан 2024 жылы 4,4-ке дейін (2023 жылы 78 адам, 2024 жылы 56 адам қайтыс болды)

Туберкулезбен сырқаттанушылық өзгеріссіз қалып отыр,  көрсеткіш                  2023 жылы  0,4,   2024  жылы 0,4 құрайды (2023 жылы туберкулездің 5 жағдайы тіркелген 2024 жылы туберкулездің 5 жағдайы тіркелген) ЖРВИ жағдайларының 6,9-ға өсуі байқалады , 2023 жылы 54,9-дан 2024 жылы 61,8-ге дейін (2023 жылы 724 жағдай тіркелді, 2024 жылы 790 жағдай анықталды).

 

Қылмыс

 Есепті кезеңде қылмыс деңгейі байқалады, 2023 жылы 23 жағдайды құрады, 2024 жылғы  қаңтар маусымда 23 жағдайды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 августа 2024