Жарқайың аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2024 жылғы 7 тамыздағы
№ 15/44 қаулысына қосымша
2024 жылдың 15 қыркүйегіне тағайындалған Ақмола облысы
Жарқайың ауданы Құмсуат ауылының әкімін кезекті сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Үшқарасу ауылының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
|
1. Жарқайың ауданының Құмсуат, Үшқарасу ауылдарының әкімдерін (бұдан әрі – әкімдер) сайлауды тағайындау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын 2024 жылғы 7 тамыз (113-1-б. 2-т., 1 т. 1) т)
Әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде 2024 жылғы 7 тамыз (113-1-б. 3-т., 1 т. 3) т) |
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей- 2024 жылғы 17 тамыздан кешіктірмей (22-б. 2 т.)
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2024 жылғы 17 тамыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2024 жылғы 22 тамыздан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде- 2024 жылғы 22 тамыздан кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2024 жылғы 8 тамызда басталады және 2024 жылғы 20 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б.)
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
|
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп (4 б., 113-2-б.)
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру
|
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.)
|
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап, жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттамаларды ресімдеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып Тиісті аумақтық сайлау комиссияларына қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т., 9-т.) |
|
11. Жергілікті аткарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде (2024 жылдың 1 қаңтарына әр ұсынылған кандидатқа 85 000 теңге) сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (ұсынылған әр кандидатқа) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
|
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2024 жылдың 1 тамызына) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады 2024 жылғы 8 тамызда басталады және 2024 жылғы 25 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б.) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін 2024 жылғы 24 тамызға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2024 жылғы 25 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2024 жылғы 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19. Сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2024 жылғы 25 тамызға дейін (24-б. 5-т.) |
|
20.Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2024 жылғы 30 тамыздан бастап (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2024 жылғы 4 қыркүйекке дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу Аудандық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2024 жылғы 12 қыркүйектен ерте емес және 2024 жылғы 14 қыркүйектен кешіктірмей (37-б. 3-т.) |
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2024 жылғы 15 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскелерiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы аудандық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.)
|
|
28. Әкімдер сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2024 жылғы 18 қыркүйектен кешіктірмей (113-10-б. 1 т.)
|
|
29. Әкімдерді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2024 жылғы 21 қыркүйектен кешіктірмей (44-б. 4 т. 3) т.) |
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2024 жылғы 21 қыркүйектен кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.