Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК ) жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
АӘК - тің мөлшері атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда белгіленген отбасы мүшелерінің әрқайсысына қарай белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма түрінде есептейді.
Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға АӘК тағайындау кезеңіне әрбір балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді.
АӘК алуға үміткер адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы болмаған жағдайда –ауыл әкіміне жүгінеді.
Консультацияны мансап орталығында консультант, ал әкімге жүгінген жағдайда ассистент береді.
Адамның немесе отбасының жүгіну процесінде оған консультация беріледі, оның барысында оған мынадай ақпарат беріледі:
шартсыз және шартты ақшалай көмек алу шарттары туралы;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шарттары туралы;
әлеуметтік келісімшарт жасасу қажеттілігі, әлеуметтік келісімшартқа қатысушы тараптардың міндеттемелері және әлеуметтік келісімшартты бұзу шарттары туралы;
атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өзгерту және (немесе) тоқтата тұру шарттары туралы, алты айға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығынан айыру туралы;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен сұратылатын мәліметтер тізбесі;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі жоқ мәліметтерді растайтын құжаттар беру мүмкіндігі туралы;
адамның немесе отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін алдын ала есептеу жүргізіледі.
Өтініш беруші өз тарапынан немесе отбасының атынан көрсетілетін қызметті беруші, портал немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы өтініш береді.
АӘК тағайындаудан бас тартуға:
1) отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі белгіленген кедейлік шегінен асуы;
2) учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы;
3) адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижесінде дайындалған қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы;
4) отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін шараларға қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы;
5) алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – АӘК тағайындауға қайталап өтініш бергенге дейінгі алты ай ішінде;
6) АӘК тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) дұрыс емес құжаттарды – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну негіз болып табылады.
Өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті тағайындау немесе көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жібереледі, сондай-ақ тыңдау өткізілетін уақыт пен орыны.
Мансап орталығы өтініш берушінің алдын ала шешімге қарсылығын оны жіберген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту негізінің бірі - учаскелік комиссияның отбасының мұқтаж еместігі туралы қорытындысы болып табылады, жоғарыда аталған заңдылықтың нормасын енгізілуі учаскелік комиссияға үлкен жауапкершілік жүктелгенін көрсетеді деп атап өткім келеді.