2024 жылғы 16 маусымда бір сайлау округі бойынша Жарқайың ауданының Жаңадала ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Жаңадала ауылдық округінің әкімі сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:
Жаңадала сайлау округі
Жаңадала ауылдық округінің әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 629 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 350. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 4, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 15.
Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:
Р.Т.Мамедовке – 146; Е.С.Мұқашевқа – 12; Қ.К.Сағынбаевқа – 173.
Жаңадала ауылдық округінің әкімі болып Сағынбаев Қанат Көбегенұлы, 1971 жылы туған, Тасты-Талды ауылының тұрғыны, ІІМ зейнеткері сайланды, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы