Ақмола облысы Жарқайың ауданының 2024 жылдың 16 маусымына тағайындалған сайлауға Жаңадала ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

Ақмола облысы Жарқайың ауданының

2024 жылдың 16 маусымына тағайындалған сайлауға

Жаңадала ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

 

2024 жылғы 24 мамырда Жарқайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Х.Рамазанова Жарқайың ауданы Жаңадала ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.

                Ол 2024 жылғы 24-мамырда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Жарқайың ауданының сайлау комиссиясы Жарқайың ауданы Жаңадала ауылдық округінің әкіміне ұсынылған 3 кандидаттан 3 адамды тіркегенін хабарлады.

Жаңадала ауылдық округінің әкіміне кандидаттар:

  1. Мамедов Рустам Тамразович – 01.02.1988 ж/т, жұмыс орны – Жарқайың ауданының «Жаңадала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтері; мекенжайы – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылы, өзін-өзі ұсыну ретімен.
  2. Мұқашев Ербол Сәкенұлы – 24.05.1984 ж/т, жұмыс орны – «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқық жұмыстары бөлімінің басшысы, мекенжайы – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державин қаласы, өзін-өзі ұсыну ретімен.
  3. Сағынбаев Қанат Көбегенұлы – 15.08.1971 ж/т, ІІМ зейнеткері, мекенжайы – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылы, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған.

Жарқайың ауданы Жаңадала ауылдық округінің әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

2024 жылдың 26 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 15 маусымда  жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.

Жарқайың аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 мая 2024