Жарқайың ауданының Жаңадала ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру,
аумақтық сайлау комиссиясының
орналасқан жері және құрамы туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, «Жарқайың ауданының Жаңадала ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы» Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы № 28/110 қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін және құрамын хабарлаймыз.
Жарқайың ауданының Жаңадала ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша – Тасты-Талды, Жаңадала, Зерноград ауылдары аумағының шекарасында Жаңадала сайлау округі.
Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Державин қ., Мир көшесі, 78, каб.9, тел.8(71648) 9-12-10.
Комиссия төрайымы – Рамазанова Жанар Хабидоллақызы;
комиссия төрайымының орынбасары – Әбітаева Эльмира Алтайқызы;
комиссия хатшысы – Бижанов Жангелді Мұхамбетқалиұлы;
комиссия мүшелері: Жүсіпбекова Мәншүк Мақсұтқызы, Мұташева Марина Анатольевна, Николайцева Ирина Михайловна, Платонова Ирина Владимировна.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы