Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
26 апреля 2024