Жарқайың ауданына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары

Жарқайың ауданының "тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ауданға бірыңғай сәулеттік көрініс беру үшін қасбеттерге, шатырларға ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.
Жарқайың ауданының "құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін анықтағаннан кейін ауданның бірыңғай сәулеттік бейнесін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.
Жарқайың ауданының әкімдігі келесі іс-шараларды ұйымдастырады:
1) пәтерлердің, тұрғын емес үй - жайлардың (олар болған жағдайда) меншік иелерін ауданның бірыңғай сәулеттік келбеті жобасымен әкімдіктің ресми интернет-ресурсында таныстыру;
2) көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерін (олар болған кезде) жоспарланатын жұмыстар және оларды жүргізудің болжамды мерзімдері туралы хабардар ету;
3) көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін, шатырын жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісім беру немесе келіспеу туралы шешім қабылдау үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру және өткізу (олар болған кезде).Жиналыс пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы болған кезде шешім қабылдайды. Жиналыс қасбетті, көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын жөндеу бойынша бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған жұмыстарды теріс шешім қабылдаған жағдайда жүргізілмейді.

Жиналыс оң шешім қабылдаған кезде бөлім құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жұмыстардың көлемін, жөндеу түрін (ағымдағы немесе күрделі) анықтау және олардың физикалық тозу дәрежесін белгілеу үшін әр көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетінің, шатырының техникалық жай-күйін тексеруді ұйымдастырады. Жұмыс көлемін, жөндеу түрін (ағымдағы немесе күрделі) анықтау үшін әр көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетінің, шатырының техникалық жай-күйін тексеру жөніндегі ұйымды таңдау Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетінің, шатырының техникалық жай - күйін тексеру қорытындысы бойынша бөлім ағымдағы жөндеудің сметалық есебін әзірлеу немесе бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған қасбетті, шатырды күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау, кейіннен жергілікті бюджет қаражаты есебінен сараптама қорытындысын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан және ағымдағы жөндеудің сметалық құнын немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін, шатырын күрделі жөндеудің жобалау - сметалық құжаттамасын бекіткеннен кейін бөлім бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды. Бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды бөлім Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды қабылдауды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды тарта отырып, бөлім жүзеге асырады. Жарқайың ауданына бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 марта 2024