Шұғыл! Аудандардың, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының әкімдіктері (тізім бойынша)

Шұғыл!

Аудандардың,

Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының әкімдіктері (тізім бойынша)

 

 МО БИРП-дағы ақпаратты өзектендіруге қатысты

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған контенттің ресми парақтарын жүргізуге қатысты тапсырмалардың орындалмағаны туралы хабарлайды.  

Осыған байланысты, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 16-бабына сәйкес ақпарат иелерінің ұйымдық құрылымы; ақпарат иелерінің қызметіндегі алдағы оқиғалардың ресми күнтізбелері; ресми сөз сөйлеулер мен ресми мәлімдемелердің мәтіндері; мемлекеттік және салалық бағдарламалар, тұжырымдамалар, доктриналар, аумақтарды дамыту бағдарламалары мен жоспарлары, стратегиялық жоспарлар, стратегиялар мен жоспарлар туралы мәліметтер; мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары, орган жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы ақпараттық хабарламалар атқарылған жұмыстар туралы есептер мен баяндамалар; ақпарат иеленушінің құзыретін, өкілеттігін, міндеттері мен функцияларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер; ақпарат иеленуші белгілеген бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтер (бар болса); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен өткізілетін Мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер; статистикалық ақпарат; бюджет қаражаты саласындағы ақпарат: (республикалық және жергілікті бюджеттердің жобалары; бюджеттік есептілік; шоғырландырылған қаржылық есептілік; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша ақпаратты өзектендіру қажет. 

Ағымдағы жылғы 27 наурызға дейін орналастырылған жарияланымға сілтемелер suleimenova_aa@aqmola.gov.kz  электрондық мекенжайға ұсынылсын.  

 

     

                                                         Д. Айтбаев  

 

Орынд. А. Сүлейменова

Тел.: +7 (7162) 297 357

Дата публикации
20 марта 2024