Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалған Пригород ауылының әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМАСЫ

 

Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалған Пригород ауылының әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМАСЫ

 

         2024 жылғы 18 ақпанда бір сайлау округі бойынша Жарқайың ауданының Пригород ауылының әкімін сайлау өтті.

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Пригород ауылының әкімі сайлауының қорытындысы туралы №499 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:

 

Пригород сайлау округі

Жарқайың ауданы Пригород ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 421 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 322. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 10, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 10.    

Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:

         А.Б.Баймолдиновқа – 257; Т.С.Старожиловаға – 20; Ж.С.Тәкеноваға – 25.

         Пригород ауылының әкімі болып Баймолдинов Азамат Беріктасұлы, 1977 жылы туған, Державин қаласының тұрғыны, Жарқайың ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ  басшысы сайланды, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

                  

         Жарқайың аудандық аумақтық

 сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
19 февраля 2024