Ақмола облысы Жарқайың ауданының 2024 жылдың 18 ақпанына тағайындалған сайлауға Пригород ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

Ақмола облысы Жарқайың ауданының

2024 жылдың 18 ақпанына тағайындалған сайлауға

Пригород ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

 

2024 жылғы 23 қаңтарда Жарқайың ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Х.Рамазанова Жарқайың ауданы Пригород ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.

                Ол 2024 жылғы 23-қаңтарда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Жарқайың ауданының сайлау комиссиясы Жарқайың ауданы Пригород ауылының әкіміне ұсынылған 3 кандидаттан 3 адамды тіркегенін хабарлады.

Пригород ауылының әкіміне кандидаттар:

  1. Баймолдинов Азамат Беріктасұлы – 01.08.1977 ж/т, жұмыс орны – Жарқайың ауданының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы; мекенжайы – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державин қаласы, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған.
  2. Старожилова Татьяна Сергеевна – 24.03.1988 ж/т, жұмыс орны – «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін сараптау жөніндегі бас инспекторының м.а., мекенжайы – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державин қаласы, өзін-өзі ұсыну ретімен.
  3. Тәкенова Жұлдызым Сабырбекқызы – 29.09.1982 ж/т, жұмыс орны – «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, мекенжайы – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державин қаласы, өзін-өзі ұсыну ретімен.

Жарқайың ауданы Пригород ауылының әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

2024 жылдың 28 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 17 ақпанда  жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.

Жарқайың аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
23 января 2024