Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 10 қаңтардағы № 3/4
ҚАУЛЫСЫ
Жарқайың ауданының Пригород ауылы әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) т, 113-1 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2024 жылдың 18 ақпанына Жарқайың ауданының Пригород ауылы әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2024 жылдың 18 ақпанына тағайындалған, Жарқайың ауданының Пригород ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Жарқайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Жарқайың тынысы», «Целинное знамя» газеттерінде жариялансын.
Комиссия төрайымы Ж.Рамазанова
Комиссия хатшысы Ж.Бижанов