Жарқайң ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ
Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Бұл қызмет «Дипломмен ауылға!».
2023 жылға республикалық бюджеттен -1 маманға бюджеттік кредит 5 175,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражатынан 10 маманға 3 450,0 мың теңге сомасында көтерме жәрдемақыға қаражат көзделген.
2023 жылғы 1 қарашаға көтерме жәрдемақы 8 маманға 2 760,0 мың теңге сомасында төленді (оның ішінде білім беру саласында - 1 035,0 мың теңге сомасына 3 маманға, денсаулық сақтау саласында-345,0 мың теңге сомасына 1 маманға, мәдениет саласында-1 035,0 мың теңге сомасына 3 маманға, мемлекеттік қызметте – 1 маманға сомасы 345,0 мың теңге)
Көрсетілетін қызметті алушылардың болмауына байланысты бюджеттік кредитті алуға өтінім берілді.
2024 жылға 1 маманға 7 384,0 мың теңге сомасында бюджеттік кредит, 10 маманға 3 692,0 мың теңге сомасында көтерме жәрдемақы жоспарланған.
Барлық туындаған мәселелер бойынша Сіз Жарқайың ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-не немесе 9 22-20 телефоны бойынша хабарласа аласыз.