Пятигор ауылының әкімі Г. Шакированың «Пятигор ауылының 2023 жылдың үшінші тоқсандағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылдың төртінші тоқсанына арналған міндеттер туралы» есебі
2023 жылғы 1 қазанына халық саны - 470 адамды құрайды. Ауылда -167 отбасы тұрады. Ауыл тұрғындарының этникалық құрамы 22 - ұлтты құрайды, оның ішінде қазақтар - 86 адам (18%), орыстар - 179 адам (38%), басқа ұлттар - 206 адам (44%).
Ауылда 86 -зейнеткер тұрады, оның ішінде 2-тыл еңбеккері, 2 - көпбалалы ана медальдармен марапатталған. Мүгедектер - 14 адам, көп балалы отбасылар - 3.
Ауылдың аграрлық секторы базалық «Мадияр.К» ЖШС ұсынады, онда егіс алаңы - 11972 га құрайды. Жұмысшылардың саны - 41 адам. Орташа айлық жалақы 150 мың теңгені құрайды.
Шаруа қожалықтарының саны - 37. Егіс көлемі 14,9 мың гектарды құрайды.
2023 жылғы 1 шілдедегі статистикалық есеп деректері бойынша мал басының саны: ІҚМ - 227 бас, оның ішінде сиыр - 96 бас, жылқы - 558 бас, АЕК - 679 бас, шошқа - 175 бас.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, жоспарлы ветеринариялық - профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
Шағын және орта бизнес саласында 6 шағын кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді, онда 9 - адам еңбек етеді.
Ауыл аумағында «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» мекемесі жұмыс істейді, мектепте 56 оқушы оқиды, мектептің жанында 20 орындық «Айналайын» шағын орталығы, ауылдық мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, Коворкинг орталығы ашылған ауылдық кітапхана жұмыс істейді.
Спортты дамыту үшін ауылда мәдениет үйінің ғимаратында спорт залы бар.
Ұзындығы - 4,5 км орталықтандырылған су құбыры жұмыс істейді.
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін ауылда балалардың ойын алаңы бар.
Ауылда 157 телефон нөмірі жұмыс істейді, ұялы байланыс жұмыс істейді
«Мадияр.К» ЖШС ғимаратында пошта байланыс бөлімшесі және учаскелік полиция пункті, сондай-ақ Пятигор ауылы әкімінің аппараты орналасқан. Мекеме 6 - мемлекеттік қызмет көрсетеді. «e.gov» порталы арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету пункті бар.
Келесі жұмыстар атқарылды.
- 14000 ш.м. шарттың сомасы - 76мл.727 мың теңге. Мердігер Ипейко Денис Владимирович, Атбасар қ.