Далабай ауылының әкімі С. Сұлтановтың «Далабай ауылының 2023 жылдың үшінші тоқсандағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылдың төртінші тоқсанына арналған міндеттер туралы» есебі
2023 жылдың 1 шілдесіне Далабай ауылы бойынша халық саны – 257, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы экономикалық белсенді халық – 129.
Далабай ауылы бойынша бүгінгі таңда - 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 11 - шаруа қожалықтары өз жұмыстарын жалғастыруда. Далабай ауылының ауыл шаруашылығына арналған тек қана шаруа қожалықтарында - 36725 га жер телімі бар, жыртылатын жер (егістік) – 19965 га, жайылым жерлер - 12790га, шабындық - 3970га. Өңделген жерлер көбіне шаруа қожалықтарының еншісіне тиесілі.
Далабай ауылы бойынша 65 үй иелері бар, оның ішінде 52 үй иесі жеке мал ұстайды. 2023 жылдың 1 шілдесіне қара мал саны – 392, жылқы – 182 бас, ұсақ мал – 1014 бас.
Ауылымыздағы «Далабай негізгі орта мектебінде» 13 мұғалім жұмыс істейді. Мектепте оқушы саны – 39. Мектеп қабырғасынан ашылған "Болашақ" шағын орталық бала-бақшасы бар, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде.
Ауыл кітапханасы ауыл әкімі аппаратының ғимаратында бір бөлмесінде орналасқан, кітап қоры 14200 дана және ауылда медициналық пункт жұмыс істеуде штаттық саны -2. 2023 жылы ауылдағы шаруа қожалықтарының көмегімен ауылдың медпунктіне орташа құрылыс жөндеу жүргізілді және шаруа қожалықтары ауылда өтілетін іс-шараларға демеушілік көрсетеді.
Қазіргі уақытта Интернетке қосылу үшін қол жетімді порттар жеткіліксіз. Оннан астам отбасы интернетке қосылуды күтуде. Қажетті құрал-жабдықты алғаннан кейін тиісті жұмыстар жүргізіліп, барлығы интернетке қосылады.
Ауылдағы проблемалық мәселелердің шешілуі:
1.Қазіргі уақытта ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталды. Ауылдың кіреберіс бөлігі, мектеп аумағы, Абай және Ленин көшелері асфальтпен төселді.
2023 жылға болашаққа арналған іс-қимыл бағдарлама: