Пригород ауылының әкімі Е. Әубәкіровтің «Пригород ауылының 2023 жылдың үшінші тоқсандағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылдың төртінші тоқсанына арналған міндеттер туралы» есебі

 

Пригород ауылының әкімі Е. Әубәкіровтің «Пригород ауылының 2023 жылдың үшінші тоқсандағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылдың төртінші тоқсанына арналған міндеттер туралы» есебі

 

2023 жылғы 1 қазан айына жағдай бойынша Пригород ауылында 222 аула бар, халық саны – 608 адамды құрады, оның ішінде зейнеткерлер – 98 адам, батыр аналар – 4 адам, бала кезінен мүгедектер – 2 бала, 1-2 топтағы мүгедектер – 6,  3 топтағы мүгедектер – 6. атаулы әлеуметтік көмек алушылар - 2 отбасы.

Білім. Ауылда Абай атындағы орта мектеп жұмыс істейді, мектепте 89 оқушы оқиды, 24 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 23, арнаулы орта-1, жоғары оқу орындарында-1.

Абай атындағы орта мектеп жанындағы шағын орталықта мектеп жасына дейінгі 20 бала оқиды, еңбек ұжымы 8 адам. Шағын орталық ұжымы ауылдың мәдени өміріне белсене араласады. Шағын орталық пен орта мектептің қазандығында 2 қазандық ауыстырылды.

Денсаулық сақтау. Ауылда 1 медицина қызметкері қызмет көрсетеді, әкімдікпен бірлесіп халыққа медициналық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырамыз. 2023 жылы 3 бала дүниеге келді. Медицина қызметкері халықты үнемі аралап жүреді. Екі әлеуметтік қызметкер 9 жалғызбасты зейнеткерге қызмет көрсетеді. 

Мәдениет және спорт. Ауылдың Мәдениет үйінде барлық мәдени-көпшілік іс-шаралар өткіземіз: Мемлекеттік рәміздер күні, Державинск қаласындағы шағын ауданда ашық концертке қатыстық, Астана күні, Домбыра күні, Жастар күні, Қарттар күні іс-шаралар өткізілді. «Ғажайыптар алаңы» интеллектуалды ойыны өткізілді, мемлекеттік қызметшілер арасындағы аудандық спартакиадасына қатыстық.

Қазіргі уақытта жылыту маусымы қалыпты өтуде, Абай атындағы орта мектепке, шағын орталыққа, ауыл мәдениет үйге көмір жеткізілді.

Ауылшаруашылығы. Ауылда барлығы ІҚМ бар-731 бас, оның ішінде аналық бас - 399 бас, жылқы-293 бас. Ұсақ мал -856 бас, оның ішінде қой – 564 бас, ешкі - 292 бас, шошқа-319 бас. Облыстық, аудандық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатыстық. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға әлеуетті несие алушы бар. Ауылда 38 шаруа қожалығы, 8–ЖШС, 1-АӨК бар.

«ҚАЗШОСҚҰРЫЛЫС» ЖШС қызметкерлері 15 бас көлемінде қаңғыбас иттерді ұстады. Қаңғыбас иттерді аулауға өтініштер қайта тапсырылды.

Абаттандыру. Есепті кезеңде және бір айлық абаттандыру науқаны аяқталғаннан кейін «Азамат-4» шаруа қожалығы мен «Рассвет М» ЖШС жеке қожалықтарынан қоқыс шығару жұмыстарын жүргізіп, 46 тонна қоқыс шығарылды. Ауылда бір өздігінен қоқыс үйіндісі бар, шығару тамыз айына жоспарланған. 68 тұрғын үй ретке келтіріліп, жөнделінді. Бір қоғамдық көлік аялдамасы қойылып, қоғамдық қызметкерлер ащы және жусанды шабу, топырақ жамылғысын тазалау, орталық саябақтағы ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізуде. Бұталарды отырғызу бойынша экологиялық сенбілік өткізілді, 15 түп отырғызылды.

Учаскелік инспекторымен ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша ескерту түріндегі жақсарту үшін 7 әкімшілік жаза және ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша (қаңғыбас мал)  1 әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Фейсбук пен Instagram әлеуметтік желілерінде ауылда өткізілетін барлық ақпараттар мен іс-шараларды қамтудамыз.

Есепті кезеңде жеке қабылдауға ешкім өтініш білдірген жоқ.

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" қызметі бойынша екі өтініш қабылданды екінші кезең. Қызметтер уақытында және оң нәтиже берілді.

2023 жылы 15 тамыз айында барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері барысында берілген тапсырмалар болған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 октября 2023