Нахимов ауылдық округінің әкімі Ж. Жүсіпованың «Нахимов ауылдық округінің 2023 жылдың үшінші тоқсандағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылдың төртінші тоқсанына арналған міндеттер туралы» есебі

Нахимов ауылдық округінің әкімі Ж. Жүсіпованың «Нахимов ауылдық округінің 2023 жылдың үшінші тоқсандағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылдың төртінші тоқсанына арналған міндеттер туралы» есебі

 

Округтің аумағы екі ауылдан тұрады: Нахимовка және Баранкөл.

 Округте әлеуметтік нысандардан жұмыс істейтін:

- Пошта байланыс бөлімшесі үйде орналасқан."Қазпочта"

- Нахимов ауылдық кітапханасы аппарат әкімдігінің мекемесінде орналасқан.

- Нахимовка ауылындағы 1 дәрігерлік амбулатория, аудандық аурухананың бекітілген дәрігері Маутхан Бакытжан Маратұлы, медбике Цыпляева Н.В.

Ауылдық округте халыққа азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қызмет көрсететін 2 сауда нүктесі бар.

Телефон байланысы қызметін "Қазақтелеком "АҚ көрсетеді, округте 23 нөмір қосылған, ұялы байланысты" Билайн","Актив" компаниясы ұсынады.

Аппарат әкімдігі  7 қазан күні Көкшетау қаласында өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысты. Қара малдың еті сатылып, азық түлікті «Нахим» ЖК Жүсіпбеков Джамбул ұсынды. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өткізілетін «Надежда» аудандық жарысына шахмат шашка түрінен зейнеткер Ажибаева А.Т. қатысты. Қарттар күніне 243,0 мың теңге сомасына іс шаралар өткізілді, мерекелік қайырымдылық асы берілді, Арқалық қаласының артистерімен концерт көрсетілді.  8 мерейтой иелеріне сыйлықтар тапсырылды, Державинск қаласында тұратын зейнеткерлер мен Қарттар үйіндегі зейнеткерлерге барып, азық түлік түрінде сый сыяпат көрсетілді.

Күз айлығы уақытында абаттандыру және санитарлық тазалық аясында 4 сенбілік, 4 жексенбіліктер өткізіліп, барлығы 38 адам қатысты. Горчак, жусан арамшөптері жұлынып, қоқыс қалдықтары ұдайы жиналып тұрды. Әкімдік ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, жол бойындағы шөптер шабылды.

Ауылымыздың көркеюіне үлес қосқан ауыл тұрғындарына ризашылығымызды білдіреміз,  қоршаулары ауыстырылып, үйлердің қасбеттері мен қоршаулары әктеліп, сырланып, маңайындағы арам шөптері жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасуда.

Баранкөл ауылы тұрғындарының бастамасымен мұсылмандар зиратының жанындағы қоршауларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған 10-нан астам адам қатысты. Демеушілер ауыл тұрғындары болды.

Нахимовка ауылында жергілікті салық есебінен 1 400,0 мың теңгеге Есіл, Т.Әубәкіров, Тәуелсіздік, Бірлік көшелеріне күн энергиясымен жұмыс істейтін 5 жарықдиодты шам орнатылды. Конституция күніне арналған «Күз кереметі» аудандық фестивалінде, Нахимов ауылдық округі 1 орын алды.
Осы сәтті пайдалана отырып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі мәселелерін шешуге атсалысатын, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіп жүрген ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларына ауыл тұрғындарының атынан алғыс айтамын: «Лотос-БЛиК» ЖШС басшылары Бисарина Л.Ф., «Осана-Агро» ЖШС   Пугачев А.Н., «Арман» ӨК Кропотов С.Н., ., «Нұрай-Н» астық компаниясының бас директоры Тілеубаев Б.Н., «Әшім» ШҚ Люлькович В.Е., «Мария» ШҚ Кривошеев С.А., «Бабас» ШҚ Сыздықов Р., «Мерей» ШҚ, Бекжанов Т., «Обалсай» ШҚ Жусупов.
          

Дата публикации
26 октября 2023