Бірсуат ауылының әкімі Б. Әбенованың «Бірсуат ауылының 2023 жылдың үшінші тоқсандағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылдың төртінші тоқсанына арналған міндеттер туралы» есебі
Әкімшілік орталығы Бірсуат ауылы, 1954 жылы құрылған, аудан орталығынан 106 км.жерде орналасқан , Бірсуат ауылының аумағы – 3849 га, егіс алаңы-119198,47 га, оның ішінде егістігі-114521,47, жайылымы-3118 га, шабындығы-1559 га.
Бірсуат ауылының аумағында бір ауыл орналасқан: Бірсуат ауылы. Есепті кезеңде халық саны 442 адамды құрайды. Ауылдың экономикалық белсенді халқы 241 адамды құрайды, оның ішінде:
- жалдамалы жұмысшылар -202 адам.
-жеке қосалқы сапада өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-22 адам.
- жеке кәсіпкерлер -9 адам.
- жұмыссыздар-2 .
- зейнеткерлік жаста -57 адам.,
- 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар-126 адам.
- мүмкіндігі шектеулі-5 адам
- тыл еңбеккерлері-1 адам
- аз қамтылған отбасылар-0
- толық емес отбасылар -12,
- оқушылар-77
-студенттер-28
- жалғыз басты қарттар-6
- көп балалы аналар-6
- "Алтын Алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар -2 адам, - ----- Күміс алқа" -4 адам.
– ЖШС-9 және 14 шаруа қожалығы.
ЖШС "Бірсуат-Агро", ШҚ басшылары балаларға жаңа жылдық сыйлықтар, мәдени-спорттық іс-шараларды, мерекелерді және т .б. іс-шараларды өткізуге демеушілік көмек көрсетеді.
Барлық ауыл тұрғындары үшін "Бірсуат-Агро"ЖШС-ның наубайханасы жұмыс істейді . Тәуліктік 140 бөлке нан пісіреді. Бір бөлкенің бағасы – 100 теңге.
Ауыл халқы жер асты көздерінен сумен жабдықталады, Бірсуат ауылынан 4 км қашықтықта орналасқан 2 ұңғыма бар. Су сыйымдылығы 200 м3 болатын резервуарға беріледі. Су құбыры желілері 2019ж, су құбыры желілерінің ұзындығы 12 км. 82 құдық пен 18 өрт гидранты орнатылды . Су құбыры Жарқайың ауданының ТКШ бөліміне теңгерімде. Абоненттер саны - 110. Тәуліктік су қажеттілігі 147,8 м3.
Жалпы білім беретін мектепте 77 оқушы, 16 мұғалім бар.
"Бирсуат-Агро" базалық ЖШС заманауи балалар алаңын салып берді.
Өтініштер түскен - 2, egov бұрышы арқылы - 23 қызмет көрсетілді.
2023 жылдын екінші тоқсанында 51 нормативтік құқықтық құжат жасалды.
Ауылдын әкім аппаратына мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге, жастарды тәрбиелеуге, әйелдердің құқықтарын қорғауға, сондай-ақ ауылдың проблемалық міндеттерін шешуге көмек көрсететін 7 қоғамдық ұйым ұйымдастырылған. Есептік кезеңде ЖШС, шаруа қожалықтары, ЖК ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесулер өткізілді. 2023 жылдын екінші тоқсанында жергілікті қоғамдастықтың 1 жиналысы өткізілді.
Бірсуат-Агро ЖШС-мен қысқы кезеңде, су тасқыны кезеңінде автожолдардан эвакуацияланғандарды жылыту пунктіне орналастыру және тамақтандыру, өрттерді сөндіруге авариялық және құтқару жұмыстарын жүргізуге техникалық көмек көрсету туралы, әкімшілік жаза қолданылғанға дейін ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау орнын бекіту кезінде , қарттар күнін мерекелеу, жалпы білім беретін мектебінің оқушыларын 0-ден 10-сыныпқа дейін ыстық тамақпен қамту, өзара ынтымақтастық туралы 4 меморандум жасалды.
Бірсуат ауылы әкімінің аппаратымен Бірсуат ауылының сәулеттік келбетін жақсарту және абаттандыру іс-шараларының жоспары бекітілді.
Елді мекенді абаттандыру және ауылды санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сенбіліктер, шөп шабу тұрақты негізде өткізіледі.
Әкімдік ғимаратында халықтың лебіздері мен ескертулерін, ұсыныстарын, жинауға арналған жәшік қойылды.