Жарқайың ауданының әкімі Ж. Хамитовтың «Жарқайың ауданының 2023 жылдың үшінші тоқсандағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылдың төртінші тоқсанына арналған міндеттер туралы» есебі
2023 жылдың басынан аудан бойынша жалпы мемлекеттік бюджетке түсімдер 2 млрд. 74,3 млн. теңгені құрады, немесе 107,2%.
Аудандық бюджет түсімдері 3 млрд. 235,5 млн. теңгені немесе жоспардан 108,4% құрады.
Шығындар бойынша орындалуының 3 млрд. 110,5 млн. теңгені немесе жоспардан 99,7% құрады.
Ауданның негізгі капиталына 2023 жылдың басынан бастап 8 млрд. 509,3 млн. теңге инвестиция тартылды немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 206,8%.
Қарастырылып отырған кезеңде инвестицияларды салудың негізгі көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты есебінен 6 млрд. 186 млн. теңге, басқа алым қаражаты есебінен 2 млрд. 32,8 млн. теңге, бюджет қаражаты 290,4 млн. теңге инвестициялар болды.
2023 жылдың тоғыз айында құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2 млрд.527,1 млн. теңгені құрады (2022 жылы 662,5 млн. теңге) НКИ - 393,4%.
Тұрғын үй құрылысына инвестициялар-476,7 млн. теңге немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 90,2%. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру - 2 422 ш.м. НКИ – 77,1%.
2023 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында аудан кәсіпорындары 2 млрд.365,1 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер шығарды және қызметтер көрсетті. Нақты көлем индексі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,6% құрады.
2023 жылдың 9 айында бөлшек тауар айналымының көлемі 1 млрд.825,5 млн. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 109,9% - құрады.
Ағымдағы жылдың 9 айында Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісі 24 млрд. 906,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде: мал шаруашылығы бойынша 5 млрд.607,1 млн. теңге немесе 101,7%, өсімдік шаруашылығы бойынша 19 млрд. 265,5 млн. теңге немесе 32,1%.
Статистикалық деректер бойынша 9 айда аудан шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ірі қара мал басының жалпы саны 14 815 бас, бұл өткен жылғы деңгейден 100,9% құрайды.
«Державин қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту (3 кезек)» жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда, жобаны іске асыруға 2023 жылы 450,7 млн.теңге бөлінді.
Сондай-ақ, «Шойындыкөл ауылының жерасты көздерінен сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту» жобасын іске асыру жалғасуда. 2023 жылы бұл жобаға 160,6 млн. теңге бөлінді.
Жарқайың ауданының жол желісін жақсарту мақсатында 2023 жылы 585 млн. теңге сомасына жобалар іске асырылды.
2023 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін дамытуды, мәдениет және спорт объектілерін жөндеуді көздейтін жобаларды іске асыруға 877,9 млн. теңге бөлінді.
Есепті кезеңде нақты секторда 656 жаңа жұмыс орны құрылды (2022 жылы - 379), оның ішінде 459 - тұрақты жұмыс орны.
Жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына 311 адам жүгінді. Есепті кезеңде барлығы 272 адам жұмысқа орналастырылды (2022 жылы – 326 адам).
2023 жылдың 9 айында қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер саны 63 адамды құрады.
Есепті кезеңге жұмыссыздар саны 150 адамды құрады (2022 жылы.г-265 адам).
Ауданда 1 аудандық аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, 15 медициналық пункт және 1 ФАП бар.
Жылдың басынан бастап аудандық ауруханаға білікті 10 дәрігер мен 7 орта медициналық қызметкер келді.